Жарнама жасатуың үшін бюджетің болу керек
Жақында екі үлкен кәсіпкер хабарласып, "Қанат Ислам патриот қой, отандық өнімді жарнамалап берсінші" - дейді. Бюджетің бар ма десем, бартер дейді. Сонда тегін футболка не кәстүм беріп еліміздегі ең атақты қазақ боксшысына өз өнімін жарнамалатпақ па? Әлде отандық өнімді қазақстандық болғаны үшін тегін жарнамалау шарт деген бар ма? Онда Генаға бір футболка не кәстүм берем, соны киіп суретке түсіп инстаңа салшы деп айтып көрсін. Әрине олай жасамайды. Себебі қазір әр жарнама ақша тұрады. Өте көп ақша тұрады. Қанат Ислам түгіл менің өзім ондай жарнамаға келіспеймін. Біреу менің жарнамам арқылы пайда табады екен де маған тек бір кәстүм? Заман өзгеріп кеткенін тағы бір естеріңізге салып қояйын. Мүмкін ондай ұсынысты сушиді тегін берсе инстаға салатын әншілерге айту керек шығар.
Ақпарат көзі
