Мазмұнға өту
Dina_Yelgezek

Дина Елгезек

@Dina_Yelgezek

Сайтта 2018 ж. 16 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

...Жүрегімді іліп қойдым көрмемде...

Ақберен Елгезек поэзиясы - көгілдір аспандай тұңғиық , көрікті келбеттей албырт, теңіздей терең мәрмәр толқын ойлы, көркемдігі сұңғақ , сөздері ғажайып . Өлеңдерін оқи отырып, ақынның өрнекті сөздері сұлу сөйлеуге әуестік емес, эстетикалық сезімнен, образды ойдан , айналадағы құбылыстарды суреткерше қалыдаудан туған. Мұны өлеңдерін оқи отырып, көз жеткізе аламыз. Ақынның өзі «Жүрегімді іліп қойдым көрмемде!» -дегендей, өлеңдерінен аңқылдаған ақын мінезі мен болмысын танимыз. Талантты ақын Ақберен Елгезектің өлеңдеріндегі метафоралардың қолданылу ерекшеліктерін ой елегінен өткізе отырып, сараптама жүргізе отырып, шағын зерттеуімді оқырмандар назарына ұсынбақшымын. Метафораның лингвистикалық табиғаты, оның ұлт тіліндегі танымдық қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы туралы тіл біліміндегі ғалы…

1
0
1230

Әлеуметтік шизофрения

"Бірнеше рет қауіпті жағдайлар орын алғаны бар..." деп күмілжи жауап берген екен тақуа. Далай-Лама монаx өміріне қауіпті болған жағдайларды әңгімелейтін шығар деп "ол қандай жағдайлар?" деп сұраған көрінеді. Сонда қарт тибеттік: "Менің қытайларды жек көріп кетуіме қауіп туғызған екі-үш жағдай болғаны рас..." деген екен. Өзіңді 20 жыл бойы күнде соққыға жығып, қатыгездік көрсеткен жауыңа үздіксіз мейірбан болу үшін қандай руxани деңгей керек?!"Ақбереннің кеше жазған посты көңілге түрлі ой салды..."Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес. Аршып алып тастауға, Апандағы саз емес. Бәрі болды өзімнен, Тәңірім салған наз емес",- дейді Абай... 21 ғасырдағы ұлттық сана туралы ой қозғап, "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" мақаласын жазып, оны жалпыұлттық д…

0
0
425

Адамгершілік

Ол кезде ауылды жерлерде дәрігер жоқ, ата-анасы сол жердегі емшілерді шақырып, қаратады. Бала айығып кете қоймайды. «Баланы емдей алатын енді кім бар?» дегенде: «Осында аузы дуалы Оспан қожа деген ғұлама бар, бір емдесе, сол емдер» дейді бір кісі. Содан Оспан қожаны алдырып, қаратқанда: «Балаңыз өзіне қойылған есімді көтере алмай жатыр. Мен үш күн дем саламын, Құдай қаласа, сәтін салып, балаңыз жазылып кетер. Алладан жәрдем тілеңіз. Кейін ол үлкен азамат болады», - депті. Кейіннен Димаш Ахметұлы үлкен азамат болып, ел басқарып тұрғанда әкесі осы жайды есіне салып: «Баяғыда Бақанаста саған дем салып, аман алып қалған Оспан қожа халық жауы болып ұсталып кетіп еді. Оның ұлы Сәрсен сол жерде аудан басқарды, Отан соғысына кетіп, қайтпады. Содан жалғыз ұл бар деп естимін. Текті әулеттен шыққан…

1
0
525