Өмір...
Қиялмен өмір сүріп ғұмырымызды құлпыртқымыз келеді. Сағымға сеніп сынақтан сүрінбей өтуді армандаймыз. Уақытша дүниеде, мәңгі бақыт тапқымыз келеді. Жалғаннан шынайылықты іздейміз. Өмір ғой...
Ақпарат көзі
Қиялмен өмір сүріп ғұмырымызды құлпыртқымыз келеді. Сағымға сеніп сынақтан сүрінбей өтуді армандаймыз. Уақытша дүниеде, мәңгі бақыт тапқымыз келеді. Жалғаннан шынайылықты іздейміз. Өмір ғой...
Ақпарат көзі
Араб елінің ең бай мемлекеті Катар королінің əйелі Шейха Моза! Өте білімді, мейрімді, əділетті патшайым. Катар мемлекетін осы əйел басқарып отыр десем қателеспеймін. Себебі осы кісінің тəрбилеген баласы билік басында! Киімі ашық- шашық біздің кейбір салафит зомбилердің пайымдауынша. Сонда билік басында отырған қатынға осылай ашық-шашық киіндіріп, талтаңдап жүргізіп қойған арабтар ақымақ па? Бұл кісі Америкада білім алған. Өз халқының көзі ашық, білімді болу үшін үлкен оқу орындарын ашып Америкадан ғалымдарды алдырып дəріс бергізуде. Ғылымға көп көңіл бөліп, елінің дамыған қуатты елге айналдыру үшін барын салуда. Егер бұл əйел болмағанда Катар елі баяғыда Сирия сияқты тас талқаны шығып жатар еді.... Біздің қара жамылып жүрген əйелдер неге осы əйелден үлгі алмайды? Ал енді біздікілер қандай…
Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына жетінші сапары Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми кездесуі алғаш рет өткізілгендіктен ғана емес, сондай-ақ мемлекет басшысының Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты тарихи болып табылады.Қазақстан Президентінің ресми сапарын БАҚ белсенді түрде қадағалады, Назарбаев Ақ үйдің қақпаларына қарай келгенде, дәлізде оны Дональд Трамп қарсы алды.Жылы қабылдаудан кейін Назарбаев пен Трамп ғимаратқа кірді. Нұрсұлтан Назарбаев Рузвельттің кеңсесінде Ақ үйдің құрметті қонақтарының кітабына қолтаңба қалдырды. Бірлескен баспасөз мәслихаты еркін ортада өтті. Бұны әлеуметтік желілердегі қазақстандық және шетелдік журналистердің көптеген басылымдары дәлелдеді.Ең алдымен, Назарбаев Трампты АҚШ президенттігіне сайлануы…
Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді. Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге…
Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап, кезегендікке салына ма? Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы құдай берген азды-көпті дәулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. Пыш-пыш кеңестен қалып, бір ауылға барып, қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халыққа әдет жол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысық ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пәле шығаруға пысық, я сонд…
Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғ…
Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді. Маған «бәрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер дейді.Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықты…
Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді…
Алматы облысында 2018 жылғы Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына арналған Қазақстанның спорт делегациясын шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық ұлттық құраманың дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтті.«Дайындық кезеңі сәтті өтті және спортшылардың жақсы нәтиже көрсетуге барлық мүмкіндіктері бар, бәріне сәттілік тілеймін, біз жаңа жеңістер күтеміз», - деді Құлыбаев спортшыларға.Шаңғы жарысы, биатлон, еркін стильдік акробатика және фристайл -могул спотр түрері бойынша Қысқы олимпиадаларға жолдама алды. Олимпиадалық құраманың атынан шаңғышылар Анна Шевченко және Жанбота Алдабергенова (акробатика) барады.«Қазір біз қысқы спорт түрлерін дамытуда және олардың Қазақстанда танылуында үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз…
Қаттыбаланың көзі осы қыстауға қарай көсілтіп келе жатқан салт аттыны қиядан шалған. Атқа бір жамбастап қисая отырысынан, ат желігенде қопаң-қопаң етіп, бір орыннан екінші орынға ұшып-қонған сауысқандай шоқаң-шоқаң етісінен, мұның қой фермасының меңгерушісі Сәруар екенін бірден танып, қозы көш жерден алдынан шығып қарсы алған. Амандықтан соң: «Біздің үйдегі ағаң төсек тартып жатқанына жарты айдың жүзі болды. Колхоз бастығына өзім арнайы барып жолықтым. «Көлік жіберемін. Аудан орталығына апарып дәрігерге көрсетіңіз»,- деп еді. Оған да бірнеше күн өтті. Сізге ештеңе деген жоқ па?»- деп сұраған.Ол мұның сәлемін салғырт алып, манадан үнсіз келе жатқан ферма меңгерушісінің сол сәт талағы тарс айрылды. -Әй, алжыған қақбас, сенің зәредей болсын партияның саясатынан хабарың бар ма, жоқ па? Жоқ, ә…