Мазмұнға өту

Жаңа

Дубайдың сіз білмейтін жақтары

Алайда, алтыннан жасалған қала туралы біз барлығын білеміз бе? Келесі ақпараттарға көз жүгіртіп көрелік.Қоршаған орта. Сіз шөл далада қолдан жасалған қаланың табиғатқа қандай зиян әкелуі мүмкін екенін ойлап көрдіңіз бе? Экология туралы мұнда мүлде ойланбайды, тіпті билікке экология туралы қойылған сұрақтар үшін (мысалы, фабрикалардың қалдықтары қайда кетіп жатыр деген сияқты) түрмеге жабуы мүмкін.Тиымдардың қатаңдығы, көптігі. Күн ыстықта жағажайда құрбыларыңызбен демала аламайсыз. Көпшілік алдында құшақтасу, сүйісу үшін тағы да түрмеге жабуы мүмкін.Расизм. БАӘ азаматы әрқашан кез-келген келімсектен көп табады. Ақ американдық немесе еуропалық жақсы жалақыға жұмысқа орналаса алса, шығыс Еуропа азаматтары орташа жалақыға орналасады. Ал үшінші әлем азаматтарын тек қара жұмысқа алады.Аптап ыс…

0
0
1515

Абайдың қара сөздері. Жиырмасыншы қара сөз

Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол - тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Оның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суый бастайды. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген,…

0
0
1484

Ананың сүюі

Кім сендерді балалар, сүйе-тұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын? Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелеп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? Ұмытпа, ең кемінде дұлдыз сайын, Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сендерді сағынар келгеніңше, Құлындарын көзмен көргенінше? Сендер қайтып келгенде адам болып, Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

0
0
1065

Назарбаев қыздарға болашақ жарларын қайдан іздеу керектігін айтты

«Неге батыста қазір кеш тұрмысқа шығады? 30-35 жаста. Әйел адамдар материалды, қаржылай тәуелсіз болғысы келеді.Карьера жасағаннан кейін барып отбасын құрғысы келеді. Отбасындағы қиындықтар осыдан туындайды. Екеуі де жұмыс істейді, екеуі де өз бетінше өмір сүре алады – екеуі тең әрі еркін болулары керек. Әйел еркін болуы керек», - дейді президент.Оның ойынша, қызғану мүлде пайдасыз іс.«Біз еркектер ерте ме, кеш пе қызғанамыз. Бұл мүлде пайдасыз іс. Кім сенің қолыңнан ұстады, сен кіммен бардың, содан барлық дау-дамай басталады», - деп күлді елбасы.Ол қыздарға болашақ жарларын қайдан іздеу керектерін айтты.«Қазір қызбен танысқысы келетін жігіт қайда барады, дискотекаға. Бар даусына қосылған музыка, түтін, отырасың, сөйлесе алмайсың, ол сені естімейді. Осылайша танысады.Өзіңнің қызығушылықта…

0
0
362

2017 жылы елден қанша қазақстандық көшіп кетті

Комитет мәліметі бойынша, 2017 жылдың 12 айында Қазақстаннан 37 704 адам көшкен, олардың 35 680 ҚР азаматтары, деп хабарлайды tengrinews.kz. Барлық кеткен адамдардың 87 пайызы немесе 32 875 адам Ресейге қоныс аударған. Сонымен қатар, Германияға – 2 960 адам, Белоруське – 288 адам, АҚШ – 284 адам және Израильге – 127 адам қоныс аударған. Ал елге келген адамдар статистикасын қарайтын болсақ, 2017 жылы 16 081 адам Қазақстанға қоныс аударған, олардың 11 596 ТМД елдерінен және 4 мыңы басқа елдерден келген. Қазақстанға ең көп Өзбекстаннан – 5 196 адам, Ресейден – 4 383 адам және Қытайдан – 3 204 адам қоныс аударған.Еліміздің ішінде басқа өңірлеріне ең көп Жамбыл облысы тұрғындары қоныс аудаған, олардың саны – 16 918 адам, одан сәл азырақ Оңтүстік Қазақстаннан – 14 612 адам көшкен. Астана статис…

7
1
868

Футзалдан Еуро-2018 аясында Қазақстан-Испания полуфиналын қайдан, қашан көруге болады

Ол Еуропаның қазіргі және жеті дүркін чемпионы Испания командасы болды (1996, 2001, 2005, 2007, 2010, 2012, 2016). Ширек финалда испандықтар Украина құрамасын 1: 0 есебімен жеңген.

Қазақстан-Испания кездесуі ақпанның 8-нен 9-на қараған түні өтеді және Астана уақытымен сағат 02.00 басталады. Тікелей эфирде бұл матчты «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2018 алғашқы матчында Қазақстан құрамасы 5: 1 есебімен Польшаны жеңіп, одан кейін Ресеймен 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, Какау жаттықтыратын команда өз тобында бірінші орын алды және ширек финалда Сербияны 3:1 есебімен жеңді.

0
0
361

Бәрібір мен правпын...

Бәрімізге бала күнімізден таныс мына бір тақпақтың соңғы жағын өзгертіп кеп жіберсек... Бүгінгі балаларға да жарап тұр. Мен тәртіпті баламын, Айтқан тілді аламын. Анам нанға кеткенде, Үйде ойнап қаламын. Шкафтарды ашпаймын, Кітаптарды шашпаймын. Просто, планшетті беріп кетсе болды. Иә, дәл солай. Пленшетін беріп кетсеңіз және ол бәлеңіз интернетке қосылған болса болды. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Балаңыз өзімен-өзі. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында туған ұрпақтың балалық шағын соғыс ұрласа, біздің балаларымыздың балалық шағын осы бір төрт бұрыш неме тонауда. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Қазақ тіліндегі үш жақпен айтсақ, менің балам ондай емес, сенің балаң ондай емес (сіздің балаңыз ондай емес), оның баласы ше, олардың баласы ше? Басымен кіріп кетіп, шыға алмай жүрген бүлд…

0
0
861

Қызыл орамалды мұғалім

Бауыржан Байбек әкім болып келгеннен кейін көп ұзамай, олардың барлығы сапасы сын көтермейді деген желеумен, қала көшелерінен зям-зия жоқ болды. Мен сіздерге оңай жол картасы енгізілмей тұрған шақта трамвайда кездескен бір келіншектің әңгімесін айтып берейін. -Отыра беріңіз, отыра беріңіз. Мен тұрып тұра беремін. Мектепте алты сағат түрегеп тұрып әбден үйреніп алғанбыз ғой. Жәрайды қоймадыңыз ғой, отырсам отырайын. Ауылға барғанда Алматыда әлі де әйелдерге орын беретін ерекетер бар екен десем, сенбейтін шығар. Мәә, мен сізді бір жерден көрген сияқтымын. Сіз актер емессіз ба, иә. Қай кинода ойнаушы едіңіз? Әлде басқа жерден көрдім ба? Ее-е-е-е, енді есіме түстіңіз, журналиссіз ғой, иә. Сіз де трамбаймен жүресіз бе не? Қойыңызшы, сіздерді жұрттың барлығы бай деп ойлайды ғой. Инстаграмда жоқ…

0
1
679

Мен романтик емеспін...

«Ай отыз пайызға анық көрінетін түн екен, бұл жағдай алпыс жылда бір қайталанады екен, ғалымдар делелдепті» деген ақпараттар мен сол түнгі айдың фотосы әлем-желімізді басып қалды. Температурамның 36,6-дан аттап кетуіне байланысты сол түнгі айды фейсбуктан ғана тамашалауыма тура келді. Оның үстіне, ести сала далаға атып шығып мәәә дейтіндей романтик те емеспіз, қазір. Сәл күтсем өзі де тереземнің тұсынан өтер деп күтіп жатқан күйі ұйықтап кетіппін. Содан түннің бір уағында оянып кетіп, терезеге қарасам... Өзі де жәймендеп өтіп бара жатыр екен. Сырт еткізіп түсіріп алдым. Әдемі кадр болды. Фотоны үлкейтіп қарасаңыздар, көресіздер. Ай, есіктің алдындағы жас талдың бұтақтарының арасынан сығалап тұр екен. Кідімгі ай. Отыз пайызға анық көрінген дәнеңесі жоқ. Алматының айғыз аспанымен аяңдай бас…

0
1
783

Сурет салғым келеді

Әр бөлменің терезесіндегі оюлар өзінше әдемі болатын. Бір-біріне ұқсамайтын, һәм қайталанбайтын сұлулық еді. Қазір бұрынғыдай аяз жоқ па, әлде үйлер жылы ма, білмеймін, тереземізге қырау тұрмайтын болған. Баяғы балалық шағымыздағы, ауылдағы үйдің терезесіне тұнған сұлулықты көрмегелі қай заман. Әлде көзіміз сұлулықты көруден қалып бара ма? Білмеймін. Бір білерім сол ауылдағы үйдің терезесіне тұнған сұлулықты сағынып жүрмін. Көз алмай қарап отыратынмын. Таңғалатынмын, тамсанатынмын, сүйсінетінмін. Сол сұлулықты көзіммен жадыма көшіретінмін. Соның әсерінен жаным да сұлуланып, нұрланып кеткендей көрінетін. Сол сұп-сұлу жаныммен сурет салғым келетін. Неше рет сынып, неше рет ұшталып, ақырында қысқарып кеткен қарындашты қолыма алатынмын. Бірақ, менің салған суретім сурет болмайтын. Жанымдағы ә…

0
0
2176