Мазмұнға өту
Beibit_Sarybai

Бейбіт Сарыбай

@Beibit_Sarybai

Сайтта 2018 ж. 16 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

78

пікірлер

0

тіркелуші

70

жазылымдар

0

Жүрекке абай болыңдар 2

Мейрамбек үйленіп, оған ғашық қыздар да үміттерін үзіп, тағдыр жазды, мен көндіге салып, тиесілі байларына тиіп, ел іші тынышталып қалғанда, Қайрат шықты. Жүрегін ұстап, жылай сүйіп, құлай сүйіп, сахнаға шыға келгенде, кімге ғашық боларын білмей жүрген қыздардың Құдайы берді. Бар екенсің-ау, батырым. Мұншама кешіккенің не, айбозым. Ел іші қайта дүрлікті. Шу-шу еткен қыздар. Стадиондарда шыңғырған дауыстары жер жарады. Соншама қызды алаңға алып шығып, соншалықты шыңғыртқан не деген сезім, не деген махаббат?! Потанин тіріліп келіп, осы жағдайымызды бір көрсе: «маған қазақ даласы шыңғырып тұрғандай көрінеді»,-дер ме еді, демес пе еді?. Бұл енді жауабы жоқ сұрақ. Бір өлгесін, Потанин де, басқа да тірілмес. Негізгі әңгімеге оралайық. Мейрамбектен соң тыншыңқырап қалған заманда Қайрат шығып, қа…

0
0
809

Жүрекке абай болыңдар

Дейтін еді: қыз көрсем сайтаным бар, Бет-жүзіне қарамай айтарым бар. Ей, байғұстар, оқуды қайтесіңдер, Онанда жақсы-жақсы бай табыңдар... Мұқағалидың «Еркекшора» атты өлеңінен Қыздың жолы жіңішке, қыздың қырық жаны бар деп кете береді. Санап жатқан ешкім жоқ, санайтын адам болса, осы қазақта қыз туралы қырық мақал бар шығар-ау, ең кемі. Жолы жіңішке бола тұра, қырық жанының арқасында ыстыққа да, суыққа да шыдайтын сол қыздардың сезімге келгенде шыдамсыз болатынына таң қаласың. Және соның барлығы үмітсіз дүние, баянсыз сезім болса ше? Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында Мейрамбектің суретін төсегінің басына жапсырып, әнімен сырласып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған қыздардың саны он мыңнан, тіпті, жүз мыңнан асты десе, сенер едім. Осыған дейінгі ешбір дерегін қисынға келт…

0
0
737

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Жамалдың бала күнінен келе жатқан кітап оқитын әдеті қалмаған. Бұл күнде ол осы үйден кішігірім кітапхана жасап алған. Бүгін де бар жұмысын бітіріп қойып, кішкентай бөпесі жатқан бесікті тербеп, кітап оқып отыр. Кейде бұрынғы оқыған кітаптарын қайталап оқитын. Бұл жолы да сөйтті. Сырласына, мұңдасына айналып кеткен Мұқағалидың өлеңдерін қолына алған. Кезекті өлеңінің мына бір жолы оны тағы да ойландырып тастады."Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе?.Жастықта жалын атып сүйсем егер,Түспес ем осындай күйге мүлде". Рас-ау, Жамал кімді сүйіп еді?. Нұрболға деген сезімі жылт етпе балаң сезім сияқты. Шердің адамдық болмысын сыйлағаны болмаса, арыға барған емес. Жәнібекті жақсы көрді. Бірақ оны да махаббат дей қою қиын. Туа бітті момындығының арқасында еріп кете б…

0
1
2002

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Айтпақшы, бұл уақыт аралығында Жәнібек те үйленген. Бір ұл туып берген әйелі сол үйдің толық қожасына айналыпты. Қит етсе, кетем деп қорқытатын көрінеді. Оның жәйсіз мінезіне Жәнібек те көндігіп кетсе керек. Жәнібек былай тұрсын, Қайшының да екі аяғын қайшылатқан күйі бір етікке тығып жіберетін сәттері жоқ емес екен.

Ақпарат көзі

0
0
884

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Бір күні Жамал күндегідей тірлігін жасап жүрген. Үйде жалғыз еді. Бір кезде іші бүлк етті. Шошып кетті. Бұрын да бірді-екілі басы айналғандай болған. Енді міне. Шынымен солай болғаны ма? Жамалдың жүзі жанып сала берді. Айнаға қарады. Бұрын осы айнадан мұңға, ойға толы көзді көретін. Бұл жолы басқа адамның көзін көрді. Кәдімгі жас адамның жалынды жанары. Қуанышқа толы көз. Өмірге құштар жанар. Тағы да көзіне жас толды. Бұл бірақ қуаныштың жасы еді. Қуаныш демекші, Қайрат қалай қарар екен? Ол қуана қоя ма? Баяғы көрші кемпірдің әңгімесі есіне түсті. "Өзі бала туса мына баларға қарамай, өз баласына тартып кетеді, сондықтан тумайтын адам керек деп сені алды" демеп пе еді. Қайратқа қалай жеткізерін білмеді. Бойында аздаған қорқыныш пен уайым да жоқ емес. Бәрібір айту керек. Бекер қорқып, бекер…

0
0
2878

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Күндердің бір күнінде бұлардың үйлеріне егде тартқа екі әйел мен бір еркек сау ете қалсын. Жамал екі кісіні танымағанымен етжеңді әйелді таныды. Осы ауданға қарасты шеткерірек бір ауылда тұратын Жәмилә деген жекжаттары. Жамалдың жұмыстан келген беті еді. Қатар отырып шай ішті. Дастархан басында анау айтқандай басы артық әңгіме қозғала қойған жоқ. Келімді-кетімді кісілердің кезекті бірі деп қоя салған. Жоқ, бұлар кезекті қонақтардың бірі болғанымен келістерінің мәні бөлек екен. Оны Жамал кейіннен білді. Сапарлап бара жатып жолай кіре кеткен адам құсағанымен, бұлар Жамалды көре кетпек екен. Көргенде де анау ұзынша бойлы үнсіз отырған жігітке көрсетпек болған екен. Аты Қайрат екен. Және Жамалды Қайратқа көрсетіп қана қоймай, Жамал да жігітті көрсін десе керек. Бірақ, Жамал ол жігітке назар д…

0
0
3356

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Бұл ауылға келгенде "ажырасып кепті, енесі қуып шыққан көрінеді, бала таппаған әйелді кім есіркесін" деген сыпсың сөздердің болғаны да рас. Дегенмен көпшілігі жанашырлықпен қарады. Шешесі де намыстана қоймады. Өйткені қызы жамандығынан, аярлығынан қайтып келіп отырған жоқ. Бар болғаны табиғи кемшілігі. Тағдыр. Тағдырдың жазуынан ешкім де асып кете алмайды. Жамал келген бетте өзі оқыған мектепке бастауыш сыныптың мұғалімі болып орналасты. Шиеттей балалардың ортасында өзінің мұңын да кемдігін де ұмытқандай болды. Сол балалардың әрқайсысына өз баласындай қарады. Олардың білімді, тәрбиелі болып өсуіне күш салды. Мамандығына немқұрайлы қарайтын әріптестеріне үлгі болды. Бұл кезде Нұрбол да көрші ауылдың бір қызына үйленіп, балалы-шағалы болған. Олармен көрші ретінде, дос ретінде жақсы араласып…

0
2
3072

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Одан бері қаншама жыл өтті. Бұлар үйленгеннен кейін бір жылдан соң Жәнібек ауылдағы ата-анасын қолына алған. Содан бері бірге тұрып келе жатыр. Бұлардың перзент сүйе алмай жүргендері әуелі сол ата-ененің жанына бататын сияқты. Оны әрқалай байқатып та жүр. Әрине, жандарына батады. Өйткені бетіне қарап отырған жалғыз ұлдары. Егер бұлар балалы болмайтын болса, бір атаның ұрпақ жалғастығы тоқтамақ. Құдай бетін аулақ қылсын, бұл қазақта кешірілмейді. Қазақ басқа-басқа ұрпақ жалғастығына өте-мөте мән береді. Алты қызы бар еркектердің ұл тумадың деп әйелін тастап кеткенін естігенде күрсінгеннен басқа ештеңе де істей алмайсың. Ал бұларда алданыш боларлық бір қыз да жоқ. Осыншама жылдарды бірге өткізіп келе жатқан болса, оған сол үзілмейтін үміт себеп. Бірақ, үміт дегеніңіз үзіле қоймағанымен уақы…

0
0
2391

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Шындығында күшті-ақ жер. Бұл жерде енді тек күшті өмір сүру керек. Рас, жаман өмір сүрген жоқ. Жәнібек пен Жамал ертегідегідей жарасты ғұмыр кешті. Ертегідей дейтініміздің екінші себебі де жоқ емес. Ертегілерде "баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, бірақ, бір перзентке зар болыпты" деп жататын еді ғой. Бұлар да сөйтті. Бір перзентке зар болды. Әуелгі бір жыл жеңілдеу болды. Биыл болмаса келер жылы болар деген. Келер жылы да бақыттың белгісі байқалмады. Үшінші жыл дегенде уайымдай бастады. Екеуі қол ұстасып дәрігерге барды. Дәрігер екеуінен де кінәрат таппады. Денсаулықтарында дәз жоқ екен. Кейде бұндай жағдайдың болатынын, уақыты келгенде көтеретінін айтты. Күту керек екен. Күтті. Алғашқыда Жәнібек те аса уайымдай қойған жоқ. Жастықтың жалыны мен махаббаттың қызығы тұрғанда с…

0
0
2410

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Өстіп жүрген кездерде Жәнібекпен жолықты. Иә, сол баяғы ұлы тұлғалардай болсын деп, атын ырымдап қойған Жәнібек. Жамалды ағасының үйіне тегін жеткізіп тастаған жігіт. Онда да жолығысып қалған жоқ. Жамалды әдейі іздеп келіпті. Нұрбол ауылдан шықпаған жігіт, Шер өзін қанша ересек ұстағанымен балалығынан толық арылмаған студент. Ішіп алған кездерінде: "өмірге "реально" қарау керек", – дейтіні болмаса, өзі де романтиканың ауылынан алыс емес. Ал Жәнібек болған, толған жігіт. Сөзі де, ісі де нық. Оқуын бітірген, жұмысына тұрған. Қалада үйі бар. Әкесі мен шешесінің жалғыз ұлы екен. Енді сол әкесі мен шешесін көшіріп алуды жоспарлап жүрген көрінеді. Ол үшін... Жамалдың да оған деген көзқарасы түзу. Екеуі жиі болмаса да, ара-тұра кезігіп тұрды. Бастапқыда жеке кездесіп, оңашалау кафелерде отыратын…

0
0
5916