Қызыл орамалды мұғалім
Бауыржан Байбек әкім болып келгеннен кейін көп ұзамай, олардың барлығы сапасы сын көтермейді деген желеумен, қала көшелерінен зям-зия жоқ болды. Мен сіздерге оңай жол картасы енгізілмей тұрған шақта трамвайда кездескен бір келіншектің әңгімесін айтып берейін. -Отыра беріңіз, отыра беріңіз. Мен тұрып тұра беремін. Мектепте алты сағат түрегеп тұрып әбден үйреніп алғанбыз ғой. Жәрайды қоймадыңыз ғой, отырсам отырайын. Ауылға барғанда Алматыда әлі де әйелдерге орын беретін ерекетер бар екен десем, сенбейтін шығар. Мәә, мен сізді бір жерден көрген сияқтымын. Сіз актер емессіз ба, иә. Қай кинода ойнаушы едіңіз? Әлде басқа жерден көрдім ба? Ее-е-е-е, енді есіме түстіңіз, журналиссіз ғой, иә. Сіз де трамбаймен жүресіз бе не? Қойыңызшы, сіздерді жұрттың барлығы бай деп ойлайды ғой. Инстаграмда жоқсыз ғой. Тіркеліп алмайсыз ба, танымалдардың бәрі сонда ғой. Ең подпишигі көп Баян Есентаева. Мен өзім пабышениеге (повышения квалификации учителей) келгем. Ой, келуімнің өзі қызық болды ғой. Негізінде Айгүл келуі керек болатын. Ыбыраева Айгүл ше, тарихтан сабақ беретін. Ол жағдайым көтермейді дегесін, деректірге бір қойын беріп өзім ұштым. Айгүлдің жағдайы келмейді емес, келеді. Просто оның күйеуі сұмдық қызғаншақ. «Қалаға барып, ескі махаббаттарыңмен кездесетін шығарсың»,- деп басын қатырған көрінеді. Барамын, баратын болдым дегеннің өзінде осынша қырғын болдық, барып келсем, ажырасып тынармыз,-деп қорықты. Содан кейін мен барамын дедім. Менің күйеуім қызғаншақ емес. Барсаң бар деді. Өзі апарымын деп жүргелі бес жыл өтті. Жылда бірдеңе шығып қалады да келе алмай қаламыз. Осы жолы реті келіп тұрғасын жіберді. Айттым ғой, күйеуім түк те қызғаншақ емес, маған сенеді. Бірақ, енем нәшәр. Он күнде ненің оқуын түгеспексің деп қиқаңдамақ болып еді, бармасам жұмыстан шығарып жібереді екен деп едім, аузын жапты. Енді үйдегі жалғыз табыс көзі менмін ғой. Мен жұмыстан шығып қалсам, қарызға белшеден батармыз. Жұмыстан шығарып жібереді екен дегенді естігендегі түрін көрсеңіз ғой. Бұрынғы түрі де жетісіп тұрмаған, ананы естігенде ваще бір түрлі болып кетті ғой. Содан қойшы әйтеуір, асай-мүсейімді жинап алып тайып тұрдым. Алматыны сағынып қалыппын. Осы пабышение болмағанда бұл да жоқ еді. Түк өзгермеген сияқты. Бірақ, пропка сұмдық екен иә. Елдің бәрінде машина бар ма дейм. Жұрттың бәрі байып кеткенде сіз нәғіп трамбаймен жүрсіз. Көп сөйлеп кеттім ба? Көп сөйлеп кетсем кешіріңіз, өзім осындай ашық адаммын. Мені ауылда бәрі зыпылдақ Зайра дейді. Кілишкам ғой. Өзім Жемпиді бітіргем. Дипломмен ауылға бағдарламасымен әпкемнің ауылына барғам ғой. Пратсенсіз кредит алып, оны ауылға әкеме жібергем. Уақыты біткенде қайтадан қалаға келем дегем ғой. Атамның басы ма? Мұғалімдер күнінде жездемнің жиен інісінің үйінен бірақ шыққасың ғой... Бірақ, түк өкінбеймін. Қазір бір баламыз бар. Екіншісін көтерейін десем, енем қоя тұр дейді. Енді үйдегі жалғыз табыс көзі болған соң... Оның үстіне менің сағатым көп қой. Сөйтіп енемнің арқасында жылда қысыр қалып жүрміз. Біздің үйде енем не айтса, сол заң. Мектепте Нұрсара, үйде Гүлсара бастық. Нұрсара мектептің деректірі, Гүлсара енем ғой. Басында енеме шыдай алмайтынмын, кейіннен үйреніп кеттім. Алғаш келін болып түскенде: «келін, сен енді беті ашылған адамсыңң, жүзіңді төмен салма және ешкімнің бетіне тік қарама, сен әйел адамсың»,- деп ақыл айтқанда қайда қарарымды білмей қалғам. Сол енемнің арқасы ғой, мұғәлім болсақ та орамалды басымыздан тастамай жүргеніміз. Алматыда ешкім орамал тақпайтын бопты ғой. Менің ауылдан келгенім бірден білініп тұрған шығар иә. Ойбу, құрсын сізбен сапылдап тұрғанда астанопкымнен өтіп кетпейін. Мынау Жарокыба ғой иә. Утепыбадан түсетін едім. Екі астанпка өтіп кеттім ба не? Ойбай, неге айтпайсыз. Құрсын, сау болыңыз. Аға, аға тоқтаңызшы, түсіп қалайын... ...Бұл өлкеде трамвайлар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жататын...
Ақпарат көзі
