Мазмұнға өту
ybyrai_altynsarin

Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы

@ybyrai_altynsarin

Сайтта 2018 ж. 22 қаңтар

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Тышқанның өсиеті

Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп, майдың исі шыққан соң, неғылып қойған екен деп, қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан, үстінде майымен тұр екен. Ойлады: қарашы, адамның ақылсыздығын, ағаштан қақпан ғана істеп, үстіне май байлап, бізді қызықсын деп қойғанын. Біз сол қулыққа бола қоямыз ба деп, олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты:

— Сөйтсе де, айхай майы құрғырдың исінің жақсысын - ай, жемесем де биттей ғана жақындап иіскеуге болады ғой,—деп, бірте-бірте жақындай-жақындай бара жатқанда, қақпан тарс етіп, тышқанды жаншып тастады.

0
0
780

Сәтемір хан

Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі.Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: Құдай-Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа - екеш құмырсқа да тынбай жұмыс істеп жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті. Тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен, деп ойынын тастап, қалаға барды.Қалада бір зор білімді, оқым…

0
0
877

Қарға мен құрт

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:

— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.

Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.

—Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт.

Қарға тағы «уһ!» деді.

— Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, — деді.

Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.

0
0
684

Ананың сүюі

Кім сендерді балалар, сүйе-тұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын? Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелеп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? Ұмытпа, ең кемінде дұлдыз сайын, Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сендерді сағынар келгеніңше, Құлындарын көзмен көргенінше? Сендер қайтып келгенде адам болып, Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

0
0
991

Аурудан - аяған күштірек

Ойбайлап жылап жатқан баланы көрiп шошынғаннан шешесi есiнен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейiт жыламақ түгiл, сынған аяғын орнына салып таңып жат-қанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кiсi:

– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады.

Сейiт шешесi шығып кеткен соң, демiн алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейдi:

– Ауырмақ түгiл, жаным көзiме көрiнiп тұр, бiрақ менiң жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесiн деп, шыдап жатырмын, – дедi.

0
0
1762

Қарлығаш

Егіні піскен соң, түнде келіп біреу жеп кетеді екен. Сонан соң олар егінін күзетіпті. Әуелі үлкен ағасы күзетіпті, бірақ ешкімді көрмепті. Солайша төрт ағасы - төрт күн күзетіпті. Бесінші күні ең кішісі күзетіпті, аты Қарағылыш екен, Қарағылыш күзеткен күні көктен бір қара бие келіпті; егінді жеп жатқанда Қарағылыш оны ұстап алыпты. Сонда әлгі қара бие айтыпты:- Ей бала, мені жібер деді; менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін - деді. Қарағылыш оны қоя берді. Сонан соң қара бие құлындарын алып келіп, ең кішісін Қарағылышқа берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді. Сонда бәрі жарысқанда Қарағылыш озады екен. Бір күні Қарағылыш жұлындай жерден түтін көріпті; көрген соң соған барыпты, барса - бір жалмауыз кемпірдің үйі екен. Ол кемпірдің бес қызы бар екен; қыздарының ойнайтын, жататы…

0
0
916

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан салай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,

Осыларға таныспай;

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай;

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті-ау алысқа-ай,

Ұмтылыңыз, қалыспай.

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды.

Өнер – жігіт көркі деп

Ескермедік мақалды...

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.

0
0
1004