Футзалдан Еуро-2018 аясында Қазақстан-Испания полуфиналын қайдан, қашан көруге болады
Ол Еуропаның қазіргі және жеті дүркін чемпионы Испания командасы болды (1996, 2001, 2005, 2007, 2010, 2012, 2016). Ширек финалда испандықтар Украина құрамасын 1: 0 есебімен жеңген.
Қазақстан-Испания кездесуі ақпанның 8-нен 9-на қараған түні өтеді және Астана уақытымен сағат 02.00 басталады. Тікелей эфирде бұл матчты «Хабар» телеарнасы көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2018 алғашқы матчында Қазақстан құрамасы 5: 1 есебімен Польшаны жеңіп, одан кейін Ресеймен 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, Какау жаттықтыратын команда өз тобында бірінші орын алды және ширек финалда Сербияны 3:1 есебімен жеңді.
