Мазмұнға өту

Жаңа

Абайдың қара сөздері. Он алтыншы қара сөз

Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?

0
0
2765

Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөз

Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой мансапты еңбексіз табуға болады. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы ек…

0
0
1590

Достарыңыз бен таныстарыңызға қарызды қалай дұрыс беру керек

Мүмкін, әр адамның ешқашан ақша қайтармайтын борышкерлері бар болар. Мұндай борышкерлердің оннан астамы бар адамдар да бар.1-жағдай. Ең таралған түрі. Туыстарына, достарына, көршілеріне немесе таныстарына қарыз беру Мұндай жағдайларда ешқашан қолхат алынбайды. Өйткені біз адамдарға сенбеуіміз әдеттегіден тыс. Қарыз жиі қайтарылмайды. Көптеген адамдар сотқа арызданбайды, өйткені олар өздерінің жақындарына сотқа арыздану ыңғайсыз секілді. Енді біреулердың сотқа бермеу себебі – олар ақшаны қайтару мүмкіндігіне сенбейді – олар қолхат алған жоқ.2-жағдай. Кейде қолхат жасалады. Бірақ бұл ешқандай жағдайда қайтару кепілі емес. Оған бірнеше себептер бар. Солардың бірі - сотта қарызды өтеуге негіз болуы мүмкін түбіртекті дұрыс орындамау. Жиі қолхат жоғалып қалады, содан кейін қарыз алу фактісін дә…

0
0
713

ХҚО-на «күзетшілерсіз» келген Жұмағалиев елді сүйсіндірді

Бұл туралы белгілі журналист Серік Абас-шах Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

«Какие люди и без охраны!

Премьер-Министрдің орынбасары (Асқар көке Жұмағалиев) ЦОН-да жүр.

Р.S. Осында құжат мәселесімен жүрген едім, ойламаған жерде кездесіп қалдық» – деп жазады журналист желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Серік Абас-шах қоғамдық мәселелер мен шенеуніктерге қатысты ойларымен әлеуметтік желідегі парақшаларында жиі бөлісіп отырады.

Ақпарат көзі

8
0
819

Абайдың қара сөздері. Он сегізінші қара сөз

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез деген…

0
0
5981

Абайдың қара сөздері. Он тоғызыншы қара сөз

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

0
0
13197

Әуезов театрының директорына қатысты сот шешімі шықты

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Әуезов атындағы театрдың директоры Ерлан Біләлға үкім шығарылды. Оған 52,5 миллион теңге айыппұл салынды.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағында және 366-бабының 2-тармағында көзделген қылмыстық іс бойынша – 1,5 млн теңге мөлшерінде «пара алуға тырысты» деп айыпталған болатын.Алдын ала тергеу барысында Ерлан Біләл өз кінәсін толық мойындап, өкінгенін мәлімдеді. Ол параны Сезам театрына жаңа жылдық қойылымдарға арналған үлкен театр залын ұсыну үшін алған еді.Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар қатарында сот сотталушының кәмелетке толмаған балалардың барлығын, шын жүректен өкінуін және қылмысты толық мойындауын, денсаулық жағдайын, мемлекеттік наградаларын, әлеу…

1
0
497

Түсінетін шындықты, адам барма...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Сергей Чекалин «Береза»Бейнематериал авторы – Сергей ЧекалинӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuz Түсінетін шындықты, адам барма,Қалқан қылып, сені алған, кейбіреулер.Өз шындығын өзіне, жазып алып,Сүріп жатыр өмірін, бос кеуделер.Өтірікке айналдың, біреулерге,Жеке заң болып, жазылып өміріне.Арамзалар, көтеріліп биікке,Ақиқаттан қорқады, келсе сөзге.Сайқалға да керек болдың, сен шындық,Күліп тұрып бетіңе, сатып кеткен.Пайдасы үшін, туып тұрса, мүмкіндік,Ордан жығар адамын, көмектескен.Жұлып алсаң, шындықтың шымылдығын,Шыбын жанын қоярға, жер таппайды.Түсінсе де әсерін, бар сұмдығын,Жеке басын, ақтап алып, жатады.Ондай болса, бұл шындық, кімге керек,Бар жемісін жинаған, кедейге ме?Мүгеде…

1
0
374

Франция туралы сіз білмеген 11 дерек

1. Францияда тұрғын үй – үлкен мәселе. Пәтерді жалға алу шетелдіктер былай тұрсын, тіпті француздардың өздеріне де қиын: хабарландыру жарияланғаннан кейінгі жарты сағат ішінде жалға қойылған пәтер үшін үлкен кезек пайда болады. Пәтерді көру үшін адамдар өздерінің түйіндеме, фотосурет және портфолиоларымен келеді, себебі адамның қанша жалақы алатыны маңызды емес: тұрғын үйдің иенсіне расымен де ұнау керек. Бір қабатта ортақ дәретханасы бар 9 метрлік пәтер – қалыпты жағдай, оған қоса мұндай пәтер айтарлықтай қымбат тұрады. Кейде 25-30 метрлік пәтерлер француздарға тым үлкен болып көрінетіндіктен, француздар Францияда жасайтын адамдардың көзбен өлшеу қабілеті бұзылған деп әзілдейді. Ал үйде кір жуғыш мәшине болатын болса – ол тіпті молшылықтың белгісі. Францияда тұрғындар киімдерін қоғамдық…

7
3
4948

Жаратқаным, басымды ием, Өзіне

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Моцарт В.А. «Вальс дождя»

Бейнематериал авторы – Tuz Bagyt

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Жаратқаным, басымды ием, Өзіне,

Бергеніңе өмірді, көргеніме.

Жүрегіме, мың рахмет, сезгеніне,

Сезімге де ризамын, түсіп жатқан, өлеңге.

Бар ойымды жеткізген, қара сөзге,

Поэзияма, көп рахмет, көңілдерге.

Шын жүрекпен қабылдап, жазған бізге,

Оқырманым ылайық, бүгін төрге.

Жүрегімнің төрінен, орын бердім,

Сырласымда, мұңдасым, менің халқым.

Арманыма, дем түсіп, тағы сендім,

Ниет сөздер, осы ғой, менің барым.

Бір үмітті, тағы көрдім, алдымнан,

Қолын бұлғап, маған бүгін, тұрғандай.

Мен пендемін, биік емес, халқымнан,

Тік тұру, қажет онда, құламай.

1
0
378