Банальный бақыт
Банальный сюжет деп жатады. Осы бір сөз киноға қатысты айтылғанда сүйкімсіз болғанымен, адам өміріне келгенде осыдан қолайлысы жоқ. Адам өмірін кино деп қарайықшы. Драма, мелодрама, бовик, детектив (криминал) деп кете береді. Тұтас өмірің драма. Бозбала шағың мелодрама. Бовик пен детективтен Алла өзі сақтасын. Экшнға әркімнің арты шыдай бермейді. Меніңше банальный өмір дегеніңіз бақытты өмір. Банальныйдың бір мағынасы таптаурын. Ал, енді таптаурын дегеніңіз бақыттылардың өмірі. Ол қалай сонда? Банальный тағдыр кешіп келе жатқан отбасында туып-өсіп, банальный өмір жолыңды бастап, қалаға келесің. Жатақханадан оқу корпусына қарай бет алып, темекі шегіп келе жатасың. (Темекі шегудің өзі банально. Әйтпесе неге шөп шекпеске?) Сол кезде алдыңнан бір қыз шығады. Кітапханадан келе жатыр екен. Қолы…