«Қыс болмайды» деген сөзбен жұртты шулатқан қырғыз қамауда жатып қаза тапты
Бүгін Арыстанбек Абдылдаев (Арыстан Алай) Қырғызстан Жазаны орындау қызметі № 31 колониясының камерасында өліп жатқан жерінен табылды. Бұл туралы марқұмның адвокаты Қайсын Абакиров хабарлады.Құқық қорғаушы бұл қайғылы жағдай жөнінде Fasebook-тегі жеке парақшасына ( https://www.facebook.com/profile.php?id=100063830213029) жазды.Қайсын Абакировтың айтуынша, бұл тергеуші Арыстан Алайды қылмысы ауыр болмаса да «СИЗО−1» мекмесіне қамауды сұрағандықтан болып отыр. Содан судья күдіктіні Қылмыстық-процессуалдық кодекс ережелерін бұза отырып, қамауға алу туралы шешім шығарған.«Менің тергеу қапасы басшылығына қорғауымдағы азаматтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін деп қаншама рет жазбаша шағым бергеніме қарамастан осындай жағдай болып отыр. Ал оны кімнің нұсқауымен және қашан № 31 колонияға қамағаны…



