Павлодар облысында дәу шұңқырға түсіп кеткен автобустағы адамдар бүгін де табылмай жатыр
Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр. Сондықтан шұңқыр аумағы кеңейе түсуі мүмкін.
Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.
Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологтары тартылды.
Оқиға орнында барлығы 97 адам, 103 қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.
Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.
Кешкісін табылғандардың кімдер екені белгілі болды.
kaz.inform.kz
