Мазмұнға өту

Жаңа

Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус опырылған шұңқырға түсіп кетті

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды. Салдарынан ішінде 4 жолаушы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті.

Қазір опырылған жердің тереңдігі — 150 метр, ұзындығы — 150-200 метр, ені — жарты шақырым деп шамаланып отыр. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Автобус жер астына 4 қаңтар түнгі сағат 01:25 шамасында құлаған.

Оның ішінде құтқарушылар мен жүргізуші болды.

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы жүр.

Психологтар жұмыс істеуде.

Құтқару жұмысына 40-тан астам адам, 13 техника және дрон жұмылдырылған.

https://kaz.inform.kz/

0
0
308

Мәскеудегі Қазақ қоғамының басшысына Ресей әскеріне қатысты ақпарат үшін қылмыстық іс қозғалды

Оны қылмыстық қудалауға әлеуметтік желіде жарияланған қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны жайындағы жазбасы себеп. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.Тергеу комитеті Мәскеудегі Қазақ диаспорасының басшысы Полат Жамаловқа осы елдің қарулы күштеріне қарсы жалған мәлімет туралы баппен қылмыстық іс қозғады.Ресторан Тергеу комитеті Мәскеудегі Қазақ диаспорасының басшысы Полат Жамаловқа осы елдің қарулы күштеріне қарсы жалған мәлімет туралы баппен қылмыстық іс қозғады.Ресторан Тергеу комитеті Мәскеудегі Қазақ диаспорасының басшысы Полат Жамаловқа осы елдің қарулы күштеріне қарсы жалған мәлімет туралы баппен қылмыстық іс қозғады.«Мәскеудегі Қазақ қоғамының басшысы, 1944 жылы туған Полат Жамаловқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 207.3-бабының 1-бөлігі (РФ Қарулы күштерін пайдал…

0
0
278

Тоқаевтың өкілеттік мерзімі өзгере ме?

Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттік мерзіміне қатысты жағдайды түсіндірді. Ол қазіргі мемлекет басшысының қайта сайланатыны туралы болжамның негізсіз екенін айтты.Кеше бірқатар шетелдік ақпарат құралдары Тоқаевтың президенттік өкілеттігі 2026 жылы аяқталып, ары қарай да сайлану үшін референдум өткізіледі-міс деген әңгіме тараған болатын.«Біздегі шынайы жағдайдан хабары жоқ кейбір журналистер арасында түсінбестік болған сияқты. Негізі, мемлекет басшысы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында 2026 жылы Конституцияны өзгертіп, келесі сайлауға қатысу мақсатында референдум өткізуге дайындық жүріп жатыр-мыс деген әңгімені теріске шығарды. Президенттің 2022 жылы қарашада жеті жыл мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес оның өкілеттіг…

0
0
225

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ден аса әуе рейсі кешіккен

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесінде қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бұл туралы үкіметтегілер хабарлап отыр.Көлік министрі Марат Қарабаев қазіргі уақытта барлық әуежайлар штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға ешқандай шектеулер жоқ. Сонымен қатар 29-31 желтоқсан аралығында Астанада ауа райы күрт бұзылды: қалың қар жауып, боран соқты, желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Соның салдарынан 100-ден астам рейс кешіктірілді. Қажетті шараларды қабылдау үшін әуежай, авиакомпания және метеорологиялық қызмет өкілдерінің қатысуымен жедел штаб жұмыс істеді.Атап айтқанда, жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, қажет болған жағдайда медициналық…

0
0
187

Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубектің жаңа видеосы тарады

Сайлаубектің бұл видеосы бұрынғыдан өзгерек. Оны Нағима Барақ есімді Facebook қолданушысы өзінің жеке парақшасына салған.Сайлаубек бұл видеода бұрынырақтағы қайтадан ішкілікке салынып кеткен кезіндегідей емес, жап-жақсы болып отыр. Өзі де, сөзі де ширақ. Ол жұртты жаңа жылмен құттықтаған.«Ассалаумағалейкүм, құрметті Қосым Шеркеш бауырлар! Барлықтарыңа дұғай-дұғай отты, жалынды сәлем МС Сайлаубектен. Мына келе жатқан, келіп жеткен я болмаса жаңа жылдарың құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, мөлдір махаббат және де ұзақ өмір тілеймін», – депті МС Сайлаубек.Жаңа видеоны көрген желі қолданушылары да оған жылы сөздерін арнап жатыр.«Тіс салдырып әдемі жігіт болыпты», «Тәп-тәуір адам болыпты ғой. Енді ағылшынша үйреніп, шын рэп айтса», «Ажары кіріп, сөзі түзеліп адам болы…

0
0
398

Полицейлер 6 күн қолайсыз ауа райы кезінде 42 мың көлікке жол бастап жүрген

Ал жаңа жылдың алғашқы күндерінде еліміздің патрульдік полицейлері 6 мыңнан астам көлікке жол бастап жүрді. Бұл туралы POLISIA.KZ телеграм-арнасында хабарланды.Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік үшін ІІМ қозғалысты тоқтатуды, сондай-ақ жолда көліктерге жол көрсетіп, автокөлікпен ілесіп жүруді қамтамасыз етеді. Тәулік сайын қала сыртындағы жолдарда мыңнан астам патрульдік полицей қызмет атқарды. Олар 250-ден астамы патрульдік маршрутқа қызмет көрсетеді.Өткен жылдың 28 желтоқсанынан жаңа жылдың 3 қаңтарына дейін 42 мың автокөлікті алып жүру ұйымдастырылды. Ал жаңа жыл түні мен 2024 жылдың алғашқы күндерінде патрульдік экипаждар 6 мыңнан астам көлік пен 15 мың азаматты ашық жолға дейін алып жүрді.Сондай-ақ, жолды жабу туралы талаптарға бағынбаған 8 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тарт…

0
0
182

Ахмед Закаев: «КСРО енді ғана ыдырап жатыр»

Ғаламторда Ичкерия Чешен республикасының бұрынғы мәдениет министрі Ахмед Закаевтың кезінде КСРО құрамында болған елдерге қатысты ойын айтқан видеосы тарады.Онда Закаев қазіргі тәуелсіз мемлекеттер жайында пікір білдіре келіп, КСРО-ның, ресми түрде болмаса да, осы уақытқа дейін өмір сүріп келгенін жеткізеді.«Біз 20 жылдан астам уақыт бойы егемен, тәуелсіз мемлекеттер деп айтуға дағдыландық. Бірақ олардың қайсысы егемен әрі тәуелсіз? Украина тәуелсіз болды ма? Болған жоқ. Ресми түрде ғана болды. Грузия егемен болды ма? Болған жоқ. Азиядағы республикалар да тәуелді болған жоқ. Еркіндік алып, Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше болып кірген үш республикадан (Эстония, Латвия және Литваны айтып отырса керек – автор) басқаларының бәрі негізінен әлгі кеңестік, жаңа, псевдодемократиялық Ресей империясын…

0
0
232

«Кеттің бе – қайы­рыл­ма!» Тоқаев қосарланған билік туралы сауалға жауап берді

Бүгін мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында ең өткір сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғаннан кейін қосарланған билік жайлы әңгіме шыққанына қатысты сауал қойылған еді.«Сіз 2019 жылы Президент лауазымына сайланғаннан кейін елімізде қосар­ланған билік жүйесі қалыптасты-мыс деген сөз тарады. Кейбіреулер біздің саяси жүйемізді Иранның, Сингапурдың жүйесімен салыстырды. Шынымен де, сол кезде елімізде екі билік орталығы орнағандай көрінді. Расымен солай болды ма?» – деп сұрады журналист Дихан Қамзабекұлы.Бұл сұраққа тура жауап берген президент қосарланған билік жүйесін орнату әрекетін әлдебіреулердің әдейі әрі мұқият ұйымдастырғанын айтты.«Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған…

0
0
409

Отпен ойнағандардың ойыны осылды

Жылда осы. Адамдардың аузы күймейді екен. Олар отшашуды дұрыс пайдаланбай, оқыс жағдайға тап болып жатады.

Әлеуметтік желіде оғаш отшашудың видеосы (https://www.instagram.com/p/C1j2CpnKD9o/ ) тарады. Оқиға Астанадағы саябақта болған. Бейнекадрден фейерверктердің сәтсіз жағдайда жарылып жатқаны байқалады.

Елорданың полиция департаментіндегілер бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, тәртіп бұзушының кім екені анықталған.

«Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп, пиротехникалық заттарды арнайы белгіленбеген жерде қолданған адамның кім екенін анықтады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», – делінген Астана қаласы ПД хабарламасында.

Іс сотқа жіберілген.

0
0
418

Жапониядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар көбейіп жатыр

Жапонияның Исикава префектурасында болған жойқын жер сілкінісінің зардабы уақыт өткен сайын молайып жатыр. Онда 100 мыңдай тұрғын өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

Соңғы мәліметтер бойынша Жапонияның орталығындағы зілзала салдарынан 48 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш әлі де өсіп жатыр. Ал болуы мүмкін делінген цунами қаупі сейіліпті.

Естеріңізге сала кетсек, кеше күншығыс елінде 7,6 балдық жер сілкінісі болған еді. Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың айтуынша, батыс жағалау аймағы көп зардап шеккен. Құтқарушылар үйінді астында қалғандарды шығарып алуға тырысып жатыр.

Метеорологтардың мәліметі бойынша, кеше таңертеңнен бері түрлі деңгейде 155 жер сілкінісі тіркеліпті. Табиғаттың бұл құбылысы осы апта бойы қайталанып отырады деген болжам бар.

0
0
222