Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қыс болмайды» деген сөзбен жұртты шулатқан қырғыз қамауда жатып қаза тапты

Бүгін Арыстанбек Абдылдаев (Арыстан Алай) Қырғызстан Жазаны орындау қызметі № 31 колониясының камерасында өліп жатқан жерінен табылды. Бұл туралы марқұмның адвокаты Қайсын Абакиров хабарлады.

Құқық қорғаушы бұл қайғылы жағдай жөнінде Fasebook-тегі жеке парақшасына ( https://www.facebook.com/profile.php?id=100063830213029) жазды.

Қайсын Абакировтың айтуынша, бұл тергеуші Арыстан Алайды қылмысы ауыр болмаса да «СИЗО−1» мекмесіне қамауды сұрағандықтан болып отыр. Содан судья күдіктіні Қылмыстық-процессуалдық кодекс ережелерін бұза отырып, қамауға алу туралы шешім шығарған.

«Менің тергеу қапасы басшылығына қорғауымдағы азаматтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін деп қаншама рет жазбаша шағым бергеніме қарамастан осындай жағдай болып отыр. Ал оны кімнің нұсқауымен және қашан № 31 колонияға қамағанын біз білмейміз. Бір сөзбен айтқанда құқық қорғау органдарының тергеу мен соттың, Жазаны орындау қызметінің заңсыз әрекеттері кісі өліміне әкеп соқты», – дейді адвокат

Айта кетейік, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Арыстан Алайды дінаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен ұстаған болатын.

«Ол өзін «жаңа құдай», «жебеуші» санайды. Ал басқа діндерді, сенімдер мен көзқарастарды толыққанды емес деп жамандап отырады», – деген еді құзырлы орган өкілдері.

Қызғызстандық қоғам белсендісі Арыстанбек Абдылдаев 2011 жылдың аяғында кеңінен танымал болған еді. Сол кезде оның бір баспасөз мәслихатында айтылған «Қыс болмайды» деген сөзі кең таралып кетті.

«Сіздер күлесіздер ғой, бірақ кейін осы сөзім расталады. Қыс болмайды. Батыста су тасқыны болады. Алдымен көріңіздер, сосын күлесіздер», – деген болатын Арыстан Алай.

0
0
265

Осы тақырып бойынша