Елімізде ресейлік телеарналардың көрсетілуі жаппай тоқтатылып жатыр
Жерсеріктік және интернет-телевизияның отандық операторы TVCOM хабар тарату торабынан ресейлік бірнеше телеарнаны алып тастағанын хабарлады. Олардың арасында «Первый канал» да бар.

TVCOM таратқан хабарлама бойынша, «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель», «Бобер», «О!» телеарналарының Қазақстандағы трансляциясы тоқтатылған.
Отандық оператор өкілдері компанияның ақпараттық нарративтері (көзқарас) бар шетелдік телеарналардың үлесін ақарындап азайтуды жоспарлап отырғанын айтады.
Ал «Первый канал. Всемирная сеть» АҚ өкілінің «Власть» басылымына айтқан сөзіне қарағанда, хабар таратуды тоқтатудың себебі басқада, яғни бұл TVCOM-ның қарысдарына байланысты екен.
https://t.me/RadioAzattyq/
