Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Үлкен Алматы айналма автожолының ақысы өзгерді

Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.

Фото: Zakon.kz

Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.

«2024 жылғы айлық есептік көрсеткішті индексациялауға байланысты 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҮАААЖ бойынша жол жүру құнына өзгерістер енгізілді», – делінген әкімдік ( https://www.instagram.com/ile_akimat/ ) хабарламасында.

Ал осы жылдан бастап 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3692 теңге болып отыр. Енді ҮАААЖ-мен жүру ақысы сағатына төмендегідей етіп бекітілген (бұл жерде жүріп өткен жолдың ұзындығы қаншалықты екеніне қарамайды):

Жеңіл автомобиль – 0,07 АЕК (258,44 теңге);

16 жолаушыға дейін орны бар автобус пен 2,5 тонна көтеретін жүк көлігі — 0,08 АЕК (295,36 теңге);

32 жолаушыға дейін орны бар автобус пен 5,5 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі — 0,14 АЕК (516,88 теңге);

32 жолаушыдан көп орны бар автобус пен 10 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі — 0,16 АЕК (590,72 теңге);

10 тоннадан бастап көтеретін жүк көлігі — 0,2 АЕК (738,40 теңге);

15 тоннадан бастап көтеретін жүк көлігі, оның ішінде тіркемесі бары, ершікті тартқыш — 0,22 АЕК (812,24 теңге).

ҮАААЖ өтетін аймақта абоненттік төлем қарастырылған. Бұл аймаққа Алматы облысындағы Қарасай, Іле, Талғар аудандары кіреді.

Айта кетейік, бұл жол өткен жылы 16 маусымда іске қосылды.

0
0
237

Осы тақырып бойынша

Үлкен Алматы айналма автожолының ақысы өзгерді - Yvision.kz