Ресей мен Украина соғыс басталғалы бері ең көп көлемде тұтқын алмасты
Екі тарап өкілдерінің мәлімдеуінше, Украинаға 230, Ресейге 248 адам оралған. Сөйтіп, аталған екі ел тамыз айынан бері алғаш рет тұтқын алмасты.

Ресми Киев бұл «оралған отан қорғаушылардың саны жөнінен» ең ірі алмасу болды деп отыр.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, бұл елге оралған тұтқындардың 213-і жауынгерлер мен сержанттар, 11-і офицер, алтауы азаматтық қызметкерлер. Омубдсмен Дмитрий Лубинец түрмеден босағандар арасында Мариупольды, «Азовстальды» және Змейный аралын қорғағандар бар дейді.
Ал ресейліктердің айтуынша, тұтқыннан босап, бұл елге оралған 248 адамның 75-і «Азовсталь» қорғанысының бес командирімен алмастырылған.
Тұтқын алмасу Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауымен жүргізілді.
Зеленский тұтқындағы әр адам Украинаның есінде болатынын, олардың түгел оралуы керектігін мәлімдеді. Ал Лубинец кезекті алмасу жақын апталарда болады деп отыр.
euronews.com
