Елімізде өткен жылы қойылған ең танымал 10 есім
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы дүниеге келген балаларға ең көп қойылған ең есімдерді анықтады.

Бұл тұрғыда өткен жылмен салыстырғанда аса айырмашылық жоқ. Қыздардың есімдері бұрынғыдай болып қалған. Ал ұлдар арасында Хамза деген ат Рамазанның орнын алмастырып, ТОП-10 тізіміне кірді.
Сонымен, елімізде 2023 жылы ең көп қойылған ұл есімдері:
1. Әлихан – 2848; 2. Омар – 2362; 3. Айсұлтан – 2268; 4. Әмір – 2162; 5. Алдияр – 2035; 6. Мұхаммед – 1928; 7. Алан - 1900; 8. Али – 1768 ; 9. Нұрислам – 1549; 10. Хамза – 1468.
Елімізде 2023 жылы ең көп қойылған қыз есімдері: 1. Медина - 5307; 2. Айша - 4390; 3. Асылым - 4139; 4. Айлин - 4063; 5. Раяна - 3019; 6. Томирис - 2877; 7. Сафия - 2719; 8. Амина - 2471; 9. Айым - 2312; 10. Аяла - 2279.
Соңғы айларда ұлдар арасында Мұстафа, Ахмет есімдері, қыздар арасында Хадиша жиырмалыққа енген.
https://t.me/stat_gov_kz_official/
