Мазмұнға өту

Жаңа

Енді соттар тұрғындарды үйінен уақытша шығарып жібере алады

Бұл қандай адамдарға қатысты болмақ? Қазір соны айтамыз.

Сурет: Info-zhilish.ru

Еліміздегі судьяларға тұрғындарды баспанасынан шығарып жіберу құқығы берілмек. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.

Ол заңдарға әйел мен бала құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын арттыру бағытындағы түзетулер жайында айтты.

«Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен адам сабауды криминалға жатқызу жоспарланып отыр. Енді сотқа сондай құқық бұзған адамды үйінен уақытша шығарып жіберу құқығы беріледі. Оған Әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, өз әрекеті жайында ойлану туралы ұсыныс та айтылады. Сондай-ақ, сот зорлықшыны психокоррекциялық курстан өтуге міндеттеуге де құқылы», – дейді Р.Зұлқайыров.

0
0
463

Жамбыл облысында әскерилердің қатысумен жаппай төбелес болды. Видеосы бар

Тұрғындар мен журналистер арасында болған қырғын төбелес видеоға түсіп қалған.

Фото (көрнекі): Uzreport.news

Бейнеролик әлеуметтік желіде (https://t.me/egovpress/5813 ) тарады. Оқиғаның Жамбыл облысындағы Отар ауылында болғаны айтылуда. Бұл деректі қорғаныс министрлігі растады.

«1 қаңтарда Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды», – делінген аталған министрліктің хабарламасында.

Бұл жағдай бойынша алты адам ұсталды. Олардың арасындағы екі әскери қызметші қамауға алынған. Өзге деректер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

0
0
217

Еліміздегі банктер телефон алаяқтарымен күресу жолдарын ұсынбақ

Қазақстанда 2023 жылы алаяқтық мақсатпен шетелден жергілікті нөмір кейпімен шалынған 43,5 миллион қоңырау бұғатталған. Бұл туралы белгілі қаржылық шолушы Ербол Азанбек мәлімдеді.Фото: Cnews.ruОл Facebook-те жариялаған жазбасында былтыр телефон алаяқтарымен күресте негізгі істің бірі осы – шетелдік алаяқтардың қоңырауын бұғаттау болғанын айтқан.«2022 жылы шетелдік алаяқтардың негізгі құралы - қоңырау шалып, тэнгэ деп тұратын. 2023-те ол мүмкіндіктен айырылған соң, уатсап арқылы қоңырау шалу, жазуға көшті. Бірақ ол тәсілдері аузы күйген адамдарға өтпеді», – дейді Ербол Азанбек.Сондай-ақ, сарапшы биыл жекелеген банктердің мұндай әрекетпен күресудің өзіндік жолдарын ұсынуы мүмкін екенін айтады. Бұл жерде, әрине, тұрғындардың өздері де абай болуы керек.«2024 жыл шетелдік қаржы алаяқтарының әре…

0
0
541

«20 мың үшін не тасып жүргенімді қараңдаршы». Қарағандылық аула жинаушы жанайқайын жеткізді

Ғаламторда Қарағанды қаласының Майқұдық ықшамауданындағы аула жинаушының жанайқайын жеткізген видеосы тарады.

Фото (иллюстрациялық): Musorish.ru

Ол осы жұмысы үшін айына бар болғаны 20 000 теңге алады екен. Оның үстіне мұнда оның еңбегін бағаламайтындар көп. Олар қоқыстарын арнайы бакқа апарып тастауға ерініп, үйдің алдындағы кішкентай контейнерлерге тастап кете береді. Ал олар аузы-мұрнынан асып төгіліп жатыр.

Соның бәрін видеодағы әйел үлкен пакетке жинап алып арқалап жүреді. Ол осы жағдайға қатты налып отыр.

«20 мың үшін не тасып жүргенімді қараңдаршы. Аула жинаушы жұмыс істемейді дейсіңдер. Егер біз жұмыс істемесек, не болар еді?! Қаның қайнайды. Айына 20 мың үшін діңкелеп жүргенім осы. Сосын 100 мыңға укол салдырамын. Аула жинаушы жаман дейсіңдер», – деп ашына сөйлейді видеодағы әйел.

0
0
296

Бүгін елде тұман, көк тайғақ, қатты жел болады

Бүгінгі күнді ауа райы мәліметінен бастайық. Қаншама күн кей өңірлерде жайлы болып тұрған күннің енді бұзылатын түрі бар. ​Сонымен, Қазгидромет ел аумағында 8 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бұрынғысынша ҚР аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. «Жауын-шашын жауады, елдің солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түсуі мүмкін. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі», — делінген ақпаратта. Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығы…

0
0
289

Павлодар облысында мамандар «жер жұтып» кеткен автобустың орнын шамалады

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында ойыққа түсіп кеткен автобустың жатқан жері сканер арқылы шамамен анықталғандай. Мамандар геологиялық радармен сканерлеу барысында техниканың 5 метр тереңдікте жатуы мүмкін екенін айтқан.«Мамандар арнайы сканермен ойық түбіне түсіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Геологиялық сканердің деректері ойық түбіндегі топырақта 5 метр тереңдікте металл тәріздес заттың жатқанын анықтады. Автобус сол жерде болуы мүмкін. Ойық шетіндегі топырақтар әлі сусылдап, төмен сырғып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.Бүгін төтеншеліктер М айқайыңда ойыққа түсіп кеткен автобусты Балқаш қаласынан әкелінген геологиялық сканермен іздеуге кіріскен болатын. Енді соның алдын ала нәтижелері айтылып жатыр.Айта кетейік, Баянауыл ауданындағы «Майқа…

0
0
701

Автобус түсіп кеткен алып шұңқырдан 5000 текше метр топырақ пен тау жыныстары қазып алынған

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен аумағында болған қайғылы оқиғадан кейін атқарылып жатқан жұмыстарды біз бақылауда ұстап отырмыз.Ал облыс әкімі Асайын Байханов әлі оқиға орнында жүр екен. Ол жәй жүрмей, сол жерде журналистің міндетін ойдағыдай атқарап, жұртқа ақпарат таратып отыр. Өңір басшысы Instagram-дағы жеке парақшасына күн құрғатпай видео жариялауда. «Кеше жедел штаб мамандандырылған техниканы опырылған жерге түсіру үшін шамамен 120-130 метр тереңдікке траншея қазу туралы шешім қабылдады. Кеше опырылған жердің түбіне техниканы түсіру үшін өткел дайындау басталды. Бұл жұмыстарға 3 экскаватор, 2 тиегіш, 2 бульдозер жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізілуде. 5 мың текше метрге жуық топырақ пен тау жыныстары қазылып, шығарылды», – дейді Павлодар облысының…

0
0
265

80 жастағы кейуана үйінді астында 3 тәулік жатқан

Жапонияда жер сілкінісінен кейінге іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр.Мұндайда үлкен қасіретпен қоса қызық жайттардың да болып тұратыны бар. Мысалы, бірнеше күн, тіпті бірнеше аптадан кейін адамдар үйінді астынан аман-есен табылып жатады.Жапонияда да сондай жағдай болды. Құтқарушылар жер сілкінісі салдарынан құлаған үйінің астында қалған 80 жастағы кейуананы 72 сағаттан кейін үйінді астынан алып шықты. Сарапшылар бұл үш тәулікті «мүмкіндік терезесі» деп отыр. Олардың ойынша, енді бұл «терезе жабылып», тірі қалуға деген үміт азая бастайды. Бірақ бірнеше аптадан кейін де аман табылып жатқандар бар екенін де айта кетуіміз керек.Жапонияда 7,6 балдық жойқын жер сілкінісі жаңа жылдың алғашқы болған еді. Содан бері 200-ден астам адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ал қаза тапқандар саны 100-де…

0
0
287

Павлодар облысының әкімі кеніш маңындағы іздестіру шарасынан бейнеролик жариялады

Павлодар облысында «Майқайың-алтын» АҚ кенішінің маңында жер опырылып соған түсіп кеткен автобустың іздестіріліп жатқанына бүгін екінші күн. Бұрын хабарлағанымыздай, автобуста екі адам қалып қойған.Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram-дағы жеке парақшасында (https://www.instagram.com/asaiyn.baikhan/) құтқару оқиға орнындағы құтқару шарасы барысынан видео жариялады. Онда кинологтар мен иттердің шұңқырға түсіп, оқиға орнын қарап жатқаны көрсетілген. Мұндағы құтқарушылар өте қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр.«Оқиға орнында менімен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тастар мен топырақтың сырғуы жүруде. Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағ…

0
0
1014

«Екпе салынбаған жеткіншектер «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатыса алмайды» деген сөз рас па?

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Екпе салынбаған жеткіншектер «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатыса алмайды» деген ақпарат тарап жатыр.

Фото: afk.kz

Stopfake.kz осы ақпаратты тексеріп көріпті. Ондағылар бұл әңгіменің "Информационное агентство сатирических новостей Qaznews24" атты Instagram-аккаунттан тарағанын анықтаған. Ал бұл аккаунтта тек ойдан шығарылған ақпараттар ғана жарияланады.

Әрі оның шекесіне «Адам аттары мен оқиғалардың бәрі ойдан шығарылған. Шын өмірдегі қандай да бір тірі немесе өлі адамдармен сәйкестік болып жатса, ол тек кездейсоқтық» деп жазылған. Яғни ондағы «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатысты «жаңалық» жалған болып тұр.

0
0
255