Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Алматыдағы аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

Әлеуметтік желіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің Алматы қаласындағы Жетісу ауданы әкімінің орынбасарын ұстап жатқан видеосы ( https://www.instagram.com/p/C1q5B_aMYPG/ ) тарады.

Ұсталған шенеунік жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініпті.

«Бұл сома мемлекеттік сатып алу шарттарын бекітуге, атқарылған жұмыс актісіне қол қоюға көмектескені және жалпы қамқорлығы үшін берілген», – делінген Антикор хабарламасында.

Қазір Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

0
0
277

Осы тақырып бойынша