Мазмұнға өту

Жаңа

Елімізде аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылы қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асырған.

Фото: видеодан скриншот

2023 жылы ҰҚК ішкі істероргандарымен бірлесіп аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірген. «Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды. Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада. ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

t.me/knbgov_kz

0
0
221

Әзірбайжандағы президент сайлауында жеті үміткер бақ сынайтын болды

Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президенттікке кандидат ретінде тағы төрт адамды тіркеді. Сөйтіп, үміткерлердің жалпы саны жетеу болды.ОСК-ға соңғы тіркелген төрт адам – «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және өзін ұсынған Фуад Алиев.Бұған дейін ОСК «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиевті, сондай-ақ Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаевты («Ұлттық майдан» партиясының басшысы) президенттікке үміткер ретінде тіркеген еді.Кандидаттарды тіркеу үшін құжат тапсыру мерзімі 8 қаңтарда аяқталды.Айта кетейік, Әзірбайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтеді.однако…

0
0
380

Қылмыстық топ тұрғындардың 112 миллион теңгесін алдап алған

Маңғыстау облысында полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алдау-арбау әрекеттері үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтады.ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сатамыз деген желеумен 112 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.«Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арыз айтып жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркі…

0
0
190

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысынжа жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады.

«9 қаңтарда сағат 17:17-да Жаңақала ауданындағы Жаңақала-Чапаев тас жолында, Ақбалшық және Пятимар елді мекендерінің арасында Toyota Estima Hyundai SantaFe-мен соғысты. Соның салдарынан бес адам қаза тапты. Марқұмдардың кімдер екені анықталып жатыр», – дейді БҚО ТЖД өкілдері.

ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, БҚО-да жыл басынан бергі 9 күнде жол-көлік оқиғасынан 9 адам қаза тапқан.

0
0
283

Алматы маңындағы ауыл қалаға айналатын болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.Онда Іле ауданындағы Жетіген ауылын Алатау қаласы етіп жасақтау көзделген."Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делі…

0
0
256

Құтқарушылар тұраққа бей-берекет қойылған көліктердің кесірінен өрт болған үйге жете алмай қиналды

От Астанадағы "Будапешт" көпқабатты тұрғын үй кешенінде төтанған. Ал оған төтеншеліктердің тез өтуіне тұрақтағы көліктер кедергі келтіріпті.Бұл жағдайды тұрғындар видеоға түсіріп алған. Онда видео авторы кадр сыртында «Көліктеріңді алсаңдаршы. Терезеден көрмей тұрсыңдар ма?» деп шыр-пыр болады.Ал Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 9 қаңтарда сағат 09:58-де астаналық құтқарушылардың Қабанбай батыр даңғылы, 59-үй пәтеріндегі өртті сөндіре бастағанын жеткізді."Өрт сөндірушілер келген кезде "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтерде ас үйде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде астаналық өрт сөндірушілер көрші пәтерден 7 адамды құтқарды. Оның үшеуі – балалар. Өрт 10:32-де оқшауланып, 10:35-те жойылды", - дейді баспасөз қызметін…

0
0
231

«QAZAQ AIR» сатылымға қайта шығарылды

«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» әуе компаниясын екінші рет сатылымға шығарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды», - деп жазылған «Самұрық-Қазына» сайтында.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.

Конкурстың бірінші кезеңінде өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 10:00-де аяқталады. Қорытындыны шығару 2024 жылғы 16 ақпанға белгіленген.

0
0
242

Елімізде көктемде болуы мүмкін су тасқынына дайындық қазірден басталып жатыр

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында бірнеше мәселе қаралды. Солардың бірі ел өңірлерінің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығына қатысты.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын жеткізді. Мәселен, су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды. Оның құрамында 39 мыңнан астам адам, 11 мыңға жуық техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалар бар.«Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де құтқару операциялар…

0
0
225

Үкімет басшысы қызылша ауруының өршуі соңғы 10 жылда болмаған жағдай екенін айтты

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жаңа жылдағы алғашқы үкімет отырысында Қазақстандағы қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал мәселесі қаралды.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болып қалды. Алдын алу шараларының арқасында 20 аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ, олардың арасында оба, тырысқақ және полиомиелит бар. Сондай-ақ 39 инфекция бойынша, оның ішінде коронавирус, ротавирус және жіті ішек инфекциялары бойынша сырқаттану азайған.Ал қызылша ауруына қатысты жағдай керісінше болып тұр. Үкімет басшысы осы дерттің өткен күзден бастап өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.«Өкен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Ол соң…

0
0
245

Дронды заңсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл көлемі қандай?

Өткен жылы 35 адам дронды заңсыз ұшырғаны үшін жазаланған.Фото: kazakh-zerno.netЕлімізде бұл құралды пайдалану ережесі 2021 жылы қатайтылған болатын. Оған дейін тұрғындар дронды еркін қолдана беретін. Қазір оны ұшыру «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидалары» бойынша қадағаланып отырады.Дрон иесі ең алдымен оны тіркеуге қоюы керек.Қазақстан Авиация әкімшілігінің мәліметі бойынша, әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге), лауазымды тұлғаларға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.Ал тіркеуге қойылмаған ұшыру аппаратын қолданғаны үшін жеке және лауазымды тұлғаларға 40 АЕК (146 680 теңге), заңды тұлғаларға 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.Айта кетейік, бір жыл ішінд…

0
0
277