Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысынжа жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады.

«9 қаңтарда сағат 17:17-да Жаңақала ауданындағы Жаңақала-Чапаев тас жолында, Ақбалшық және Пятимар елді мекендерінің арасында Toyota Estima Hyundai SantaFe-мен соғысты. Соның салдарынан бес адам қаза тапты. Марқұмдардың кімдер екені анықталып жатыр», – дейді БҚО ТЖД өкілдері.
ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, БҚО-да жыл басынан бергі 9 күнде жол-көлік оқиғасынан 9 адам қаза тапқан.
