Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

«QAZAQ AIR» сатылымға қайта шығарылды

«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» әуе компаниясын екінші рет сатылымға шығарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды», - деп жазылған «Самұрық-Қазына» сайтында.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.

Конкурстың бірінші кезеңінде өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 10:00-де аяқталады. Қорытындыны шығару 2024 жылғы 16 ақпанға белгіленген.

0
0
207

Осы тақырып бойынша