Елімізде аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылы қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асырған.

Фото: видеодан скриншот
2023 жылы ҰҚК ішкі істероргандарымен бірлесіп аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірген. «Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды. Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада. ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.
t.me/knbgov_kz
