Қазақстан азаматтарының банк шоттарында қанша қаржы бар екені айтылды
Ұлттық банк қазақстандықтардың банктердегі есеп-шотында қанша ақша бар екенін айтып берді.Фото: kgd.gov.kzҰлттық банк Tengrinews.kz-ның ресми сауалына берген жауабында 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, теңгелік депозиттер - шоттар мен резиденттердің салымдары 24,2 триллион теңге, оның ішінде ағымдағы шоттарда - 6 триллион теңге, өзге шоттарда - 18,2 триллион теңге болғанын хабарлады.Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында елдегі қолма-қол ақшасыз төлем айналымы – шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық төлемі мен ақша аударымы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,5 пайызға өсіп, 796,9 триллион теңге болған. Сондай-ақ, 2021 жылмен салыстырғанда - 29,3 пайыз, 779,5 триллион.Жеке тұлғалардың төлемдеріне келетін болсақ, қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсу үрдісі 2023…
