Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Әзірбайжандағы президент сайлауында жеті үміткер бақ сынайтын болды

Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президенттікке кандидат ретінде тағы төрт адамды тіркеді. Сөйтіп, үміткерлердің жалпы саны жетеу болды.

ОСК-ға соңғы тіркелген төрт адам – «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және өзін ұсынған Фуад Алиев.

Бұған дейін ОСК «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиевті, сондай-ақ Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаевты («Ұлттық майдан» партиясының басшысы) президенттікке үміткер ретінде тіркеген еді.

Кандидаттарды тіркеу үшін құжат тапсыру мерзімі 8 қаңтарда аяқталды.

Айта кетейік, Әзірбайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

однако 10 из них не представили подписные листы как минимум с 40 тыс. подписей в свою поддержку, необходимых для регистрации.

Фото: media.az

0
0
315

Осы тақырып бойынша