Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қылмыстық топ тұрғындардың 112 миллион теңгесін алдап алған

Маңғыстау облысында полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алдау-арбау әрекеттері үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтады.

ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сатамыз деген желеумен 112 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

«Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арыз айтып жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта топтың үш мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді», – дейді Қуандық Алпыс.

Polisia.kz

0
0
161

Осы тақырып бойынша

Қылмыстық топ тұрғындардың 112 миллион теңгесін алдап алған - Yvision.kz