Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

АҚШ-та өлім жазасына алғаш рет азот қолданылмақ

АҚШ-тағы Алабама штатында өлім жазасын жүзеге асыру үшін азот қолдануға рұқсат берілді. Бұл тәсілді штат билігі 2018 жылы мақұлдаған еді. Бірақ ол осы уақытқа дейін қолданылмаған.

Фото: commons.wikimedia.org

Бұл әдіс арқылы өлім жазасын орындағанда адамға азоты бар баллонға жалғанған маска кигізеді. Сол кезде оған ауа жетпей қалады. Осыдан кейін адамда гипоксия басталып, ол жан тапсырады.

Осы әдіс енді алғаш рет 58 жастағы Кеннет Смитке қолданылатын болды. Ол сонау 1988 жылы бір әйелді тапсырыспен өлтірткені үшін сотталған.

Бір жылдан аса уақыт бұрын Смитті өлтіру үшін инъекция салмақ болған еді. Бірақ оның тамырына инені кіргізе алмады.

Ал Смиттің адвокаттары бұрын жасалып көрмеген әдіс АҚШ Конституциясына қайшы келеді деп отыр. Оның үстіне өлім жазасын орындауға екінші рет талпыныс жасау да заңсыз деп санайды.

Қалай десек те, Смитке қатысты өлім жазасын орындау биыл 25 қаңтарға белгіленген.

NBC News

0
0
169

Осы тақырып бойынша

АҚШ-та өлім жазасына алғаш рет азот қолданылмақ - Yvision.kz