Мазмұнға өту

Жаңа

Алдағы жексенбіден бастап Қостанайдан Түркістанға әуе қатынасы ашылады

14 қаңтардан бастап Қостанайдан Түркістанға және кері әуе рейсі қатынайды. Билет бағасы бір бағытқа 27 000 теңге болмақ.

Фото: freepik.com

«Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейсін іске қосады. Рейстер сейсенбі және жексенбі күндері, яғни аптасына 2 рет кесте бойынша орындалады.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 келі болса, ауыр жүк ретінде болса 20 келі», - делінген компания сайтындағы хабарламада.

Ал ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін болады.

flyqazaq.com

0
0
185

Арыстанбек Мұхамедиұлы бір мектепті иемденіп алмақ болған - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет және спорт министрі әрі Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа деректі жариялады.Фото: tengrinews.kzСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов өткен жылы жазда Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шыққанын еске салды. Экс-министр 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. "Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар. Келесі эпизод – "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр", - деді Арман Тілеукенов.Айта кетейік, Арыстанбек Мұ…

0
0
210

Сотталған Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы да тергеу жүргізіліп жатыр

Қайрат Сатыбалдыға қатысты жаңа дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады.Фото: egemen.kz«Агенттік қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-тармағының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алынған және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті, оның ішінде шет елден де сатып алған. Ақшаны Қазақстан аумағындағы және шет елдегі банк шотына салған», - деді агенттік өкілі.Арман Тілеукеновтің айтуынша, бұдан бөлек Қайрат Сатыбалдыға қатысты салық төлеуден жалтару дерегі бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде сот Қайрат Сатыбалдыны кінәлі деп тауы…

0
0
168

Қолма-қол ақша талап еткен сатушы немесе қызмет көрсетушіге не істеуге болады?

Қазір тұрғындардың зат сатып алуға немесе қызмет түріне төлемді ұялы телефонмен аударым арқылы жасауды жақсы меңгеріп алғаны белгілі. Енді олар төлем жасау барысында салық саласындағы соңғы жаңалыққа байланысты кедергіге тап болып жатыр.Фото: obk.kzЕлімізде мобильдік аударым арқылы төлем алудың санын шектейтін ереже енгізілгелі бері кәсіпкерлер тұрғындардан қолма-қол ақша талап етуге көше бастады.Бүгін Қаржы министрлігіндегілер мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді.Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, ҚР «Төлем және төлем жүйесі туралы» заңында төлем жасаудың түрлі тәсілдері қарастырылған. Ол бойынша тауар немесе қызмет түрі үшін банк картасымен, QR-кодпен немесе қолма-қол ақшамен төлей аласыз. Яғни осылардың қай жолымен болса да төлей беруге хақыңыз бар. Ал қолма-қол емес т…

0
0
369

Астанада қайталама нарықтағы баспана алты жылда алғаш рет арзандады

Елордада қайталама нарықтағы үй бағасы 2023 жылдың қаңтары мен желтоқсаны алалығындағы жылдық деңгей бойынша 5,3 пайыз төмендеген.Фото: tengrinews.kzҰлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, бағаның бұлай түсуі 2017 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.Зерттелген қалалардың арасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша қайталама нарықтағы баспаналардың арзандауы тек Астанада ғана байқалды. Нақты желтоқсанды алсақ, баға алдыңғы жылға қарағанда 7,8 пайыз түскен. Бірақ бірнеше жыл бұрынғылармен салыстырғанда көбірек өскен. Мысалы, 2020 жылға қарағанда өсім 50 пайыз болып тұр.Ал енді жалпы елдегі жағдайға келсек, бастапқы нарықтағы үйлер 12 ай қорытындысы бойынша 6,7 пайыз, желтоқсанда алдыңғы жылдың осы айымен салыстырғанда 3,4 пайыз қымбаттады.Қайталама нарықтағы баспананы қарасақ, баға бір…

0
0
243

Елімізде аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылы қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асырған.

Фото: видеодан скриншот

2023 жылы ҰҚК ішкі істероргандарымен бірлесіп аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірген. «Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды. Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада. ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

t.me/knbgov_kz

0
0
209

Әзірбайжандағы президент сайлауында жеті үміткер бақ сынайтын болды

Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президенттікке кандидат ретінде тағы төрт адамды тіркеді. Сөйтіп, үміткерлердің жалпы саны жетеу болды.ОСК-ға соңғы тіркелген төрт адам – «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және өзін ұсынған Фуад Алиев.Бұған дейін ОСК «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиевті, сондай-ақ Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаевты («Ұлттық майдан» партиясының басшысы) президенттікке үміткер ретінде тіркеген еді.Кандидаттарды тіркеу үшін құжат тапсыру мерзімі 8 қаңтарда аяқталды.Айта кетейік, Әзірбайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтеді.однако…

0
0
357

Қылмыстық топ тұрғындардың 112 миллион теңгесін алдап алған

Маңғыстау облысында полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алдау-арбау әрекеттері үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтады.ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сатамыз деген желеумен 112 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.«Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арыз айтып жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркі…

0
0
174

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысынжа жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады.

«9 қаңтарда сағат 17:17-да Жаңақала ауданындағы Жаңақала-Чапаев тас жолында, Ақбалшық және Пятимар елді мекендерінің арасында Toyota Estima Hyundai SantaFe-мен соғысты. Соның салдарынан бес адам қаза тапты. Марқұмдардың кімдер екені анықталып жатыр», – дейді БҚО ТЖД өкілдері.

ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, БҚО-да жыл басынан бергі 9 күнде жол-көлік оқиғасынан 9 адам қаза тапқан.

0
0
265

Алматы маңындағы ауыл қалаға айналатын болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.Онда Іле ауданындағы Жетіген ауылын Алатау қаласы етіп жасақтау көзделген."Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делі…

0
0
243