Мазмұнға өту

Жаңа

Нұрлан имам экс-шенеунік ісіне қатысты ойын айтты (видео)

Халыққа жағымды уағыздарымен жағып жүрген Нұрлан имам Байжігітұлы қазір әйелін өлтірді деген айыппен соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

undefined

Оның осы тұрғыда сөйлеп тұрған видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

"Әйел кінәлі болса да, қыз кінәлі болса да, оларға ешқашан қол көтермейді. Бұл - біздің қарындасымыз. Бұл - біздің болашақ жарымыз Бұл - біздің мемлекетіміздің ірі тұлғасы. Бұл - болашақ аналар. Сондықтан қызға ешкім қол көтермесін. Қол кермек түгілі, үстінен теуіп, төбесінен секіріп жатқан адам бұл адам ба? Адам емес ол. Оны еш нәрсе ақтамайды. Егер әйел адамың сөзі ұнамаса, шық та кетіп қал. Заң бар бізде. Ажырасып кет, білмеймін, сотқа бер", - дейді Нұрлан имам бейнежазбада.

0
0
339

Көкшетауда баланы ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу мәселесі талқыланды

Көкшетауда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Құндылықтар негізінде тәрбие беру – заман талабы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.Фотолар: Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайты «Bolashak SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайында өткен бұл іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырған.Конференцияда аталған өңірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы өзекті мәселелер сөз болды. Бұл жоба білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңірген еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған.Іс-шараның міндеттері – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесін дамыту және арттыру және білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ұлттық тәрбие мен о…

0
0
707

Табиғат апатынан зардап шеккендерге салынатын үйлердің эскиздік жобалары жасалды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіде жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленген. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми өкілі Меруерт Ибраева мәлімдеді.Жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы дайындалған: 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй және жалпы ауданы 160 ш. м. болатын 2 пәтерлі тұрғын үй.Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді, бұл барлық өңірлерде типтік жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылатын болады.Министр Қанат Шарлапаев кеше сондай-ақ аймақтық және республикалық ірі құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, олардың р…

0
0
302

Алматыда ҚазҰПУ ғимаратының заңсыз алынған бөлігі қайтарылды

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін иеліктен заңсыз айыру дерегін анықтады.Фото: kaznpu.kz1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан.Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - «Ескі қақпа» орналасқан.Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі жасалған.Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мү…

0
0
234

"Қылқындырған да болуы мүмкін". Сарапшы жарақаттарды менекенге сызып көрсетті

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алдына айғақ беру үшін сот-медициналық сарапшы шықты.

undefined

Ол өзімен бірге манекенді ала келіпті. Салтанат Нүкенованың басына тиген соққыларды соған сызып көрсетті.

"Ақыл-есі дұрыс адам өз-өзінен мұндай жарақат алмайды. Ол өзі құлап кетсе де, түйсік бойынша басын қорғап қалады... Тіпті мас адам да құлағанда мұншалықты сұмдық жарақат алмайды", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ оның айтуынша, Салтанаттың басына 12-13 соққы беруден бөлек оны қылқындырған да болуы мүмкін. Өйткені мойнында соның ізі бар.

0
0
265

Елімізде алты облыстағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына қатысы соңғы ақпаратты жеткізді.

2024 жылдың 9 сәуіріндегі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3730 метр болатын су тасқыны орын алды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, СҚО) республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолдарында (ұзындығы 731 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмылдырылған.

https://t.me/qazavtojol

0
0
241

Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы болды

Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды.
undefined
18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жетті.
Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті.

Айта кетейік, еліміздің фристайл-могулдан бас жаттықтырушысы - Лена Круглыхина.

https://t.me/olympickz

0
0
402

Елордадағы резеңке бұйымдар қоймасында алапат өрт болды

Астананың Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Қызыл жалынның қызуы қатты болды.

undefined
Өртті сөндіру кезінде резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қатты қиындық тудырды.
Қазір Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізді.

Түнжарымда тұтанған өрт таңертеңі саға 8:46-да сөндірілді. Өрттің аумағы - 500 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

0
0
327