Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы болды
Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды.
18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жетті.
Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті.
Айта кетейік, еліміздің фристайл-могулдан бас жаттықтырушысы - Лена Круглыхина.
https://t.me/olympickz
