Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматыда ҚазҰПУ ғимаратының заңсыз алынған бөлігі қайтарылды

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін иеліктен заңсыз айыру дерегін анықтады.

undefined

Фото: kaznpu.kz

1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан.

Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.

Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - «Ескі қақпа» орналасқан.

Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі жасалған.

Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.

Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

0
0
209

Осы тақырып бойынша

Алматыда ҚазҰПУ ғимаратының заңсыз алынған бөлігі... - Yvision.kz