"Қылқындырған да болуы мүмкін". Сарапшы жарақаттарды менекенге сызып көрсетті
Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алдына айғақ беру үшін сот-медициналық сарапшы шықты.

Ол өзімен бірге манекенді ала келіпті. Салтанат Нүкенованың басына тиген соққыларды соған сызып көрсетті.
"Ақыл-есі дұрыс адам өз-өзінен мұндай жарақат алмайды. Ол өзі құлап кетсе де, түйсік бойынша басын қорғап қалады... Тіпті мас адам да құлағанда мұншалықты сұмдық жарақат алмайды", - дейді сарапшы.
Сондай-ақ оның айтуынша, Салтанаттың басына 12-13 соққы беруден бөлек оны қылқындырған да болуы мүмкін. Өйткені мойнында соның ізі бар.
