Мазмұнға өту

Жаңа

Шымкентте сусынға ерітілген ірі көлемдегі есірткі қоймадан табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды.
undefined
Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастырды деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды.
Ауыр жүк көлігін тексеру барысында «Cola» сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді. Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80% - дан асатыны анықталды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
316

Премьер-министрдің АЛҒАШҚЫ орынбасары деген кім?

Роман Скляр бірінші вице-МИНИСТР әрі премьер-министрдің АЛҒАШҚЫ орынбасары екен ғой (скриншот үкіметтің ресми сайтынан алынды). Әлде ТҰҢҒЫШ дей салу керек пе еді?

Бірақ кезінде бір кісі ТҰҢҒЫШ деген тіркемесінен оңбай айырылған. Сондықтан байқаңыздар...

undefined

0
0
291

Жетісу облысының мектептерінде көптеген қауіпсіздік ережесі бұзылғаны анықталды

Прокурорлар Жетісу облысының білім беру мекемелерінде 300-ден астам санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу деректерін анықтады.Тексеру барысында облыстағы 5 мектеп маңында жаяу жүргіншілер өткелдері мен «Балалар» белгілерінің болмауы сияқты инфрақұрылымдық жағдайлардың жеткіліксіздігіне ерекше назар аударылды.Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласындағы екі мектептің аумақтары толығымен қоршалмаған, бұл олардың аумағына бөгде адамдардың оңай кіріп кетуіне мүмкіндік береді.60 мектепте бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді, оның 170-і ғана полицияның орталық жедел бөлімдеріне қосылған.25 мектеп мерзімі өтіп кеткен санитарлық қорытындылармен жұмыс істеген.Кейбір жағдайларда оқушыларға&n…

0
0
230

Елде су тасқыны басталғалы бері 96 мыңнан астам адам үйлерін тастап шыққан

Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды.

undefined

Уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды.
Бірлескен күштермен 8,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды.

0
0
275

Петропавл маңындағы тұрғындар мәжбүрлеп көшірілмек

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы елді мекендердің тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды.Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Бұл жайында түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев бірінші вице-премьерге айтты. Оның сөзінше, тұрғындар егер су тасқыны бола қалса, өз бетімізше әрекет жасай аламыз депті. Оқыс жағдайдың алдын алу үшін Роман Скляр тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялау жөнінде жедел тапсырма берді.«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол б…

0
0
320

«Жәрдем» пойызы 20 сәуірде жолға шығып, 92 мыңнан астам адамға көмек көрсетеді

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Медициналық пойыздар» жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара іс-қимылды нығайту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Осы құжат арқылы іске қосылатын «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы тұрғындарды білікті тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында биылғы 20 сәуірде шалғайдағы ауылдар мен станцияларына жүре бастайды.«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көлік медицинасы ұйымдастырылды.Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық зерттеп-қараулардың, диагностикалық қызметтердің, арнайы мамандардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және емдеуге жатқызуға жолдама ала алады», - де…

0
0
264

Президент халықты Ораза айтпен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауыҚадірлі отандастар!Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі.Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі.Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді.Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт ме…

0
0
421

Бүгін - Ораза айт (видео)

Ораза айт - Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Біз осы мерекеге орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын беріп отырмыз. Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!Баршамызды ораза айтқа аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Қадірлі қауым!Сіздерді исі мұсылманның ұлық мейрамы – ораза айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын!Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәтте сіздерге, отбасыларыңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жар болсын!Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз б…

0
0
422

Тоқаев су тасқыны кезінде қолдау білдіріп, көмек көрсеткендерге алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін Қазақстан халқына және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.«Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады.Менің тапсырмам бойынша Премьер-министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетілуде. Олардың бүкіл шығындары өтеледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын жуырда отандастарыма арналған үндеуім…

0
0
703