Мазмұнға өту

Жаңа

Тоқаев елімізде имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді тапсырды

Президент мұны Солтүстік Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарымен кездесуі барысында айтты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді."Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет т…

0
0
301

Президент су тасқынынан зардап шеккен СҚО тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті.Тұрғындармен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты. Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынға бірреттік көмек беріліп жатыр және комиссия мүлік шығындарын есептегеннен кейін өтемақы төленеді. Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындардың несиелері мен займдарын төлеу мерзімі шегеріледі. Мемлекет басшысы ешбір азамат назардан тыс қалмай…

0
0
239

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтті

Республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіровтың ескерткішінен бастау алды.Еліміз бойынша жүріп жатқан көктемгі экологиялық бастамаға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері қазақ поэзиясында өз орны бар ақынның өлеңін оқумен кірісті. Алдымен қаламгердің көпшілікке белгілі жырын оқыған білімгерлер игілікті шараны ескерткіш тұрған аумақты тазалаумен жалғастырды.Ақын ескерткіші тұрған сквер бекер таңдалмапты. Себебі, Жетісу жерін жырға қосып, тұмса табиғатты сөзбен суреттеген ақын, драматург, прозашы, фельетоншы, сатирик, журналист және аудармашы Жансүгіровтің биыл туғанына 130 жыл толып отыр. Бұл туралы «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – жастар ісі жөні…

0
0
329

Бокстан Қазақстан құрамасы кубалық және өзбекстандық спортшылармен жаттығуда

Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

undefined

Жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамалары қатысуда. 

Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. 

Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар. 

Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды алып келген. 

Бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады. 

Olympic.kz

0
0
304

«11,5 млн теңге айыппұл!» Тәртіп сақшысы қызғалдақ алқабын қызғыштай қорғады

«Шымкенттік (негізі, Түркістан облысы сияқты – ред.) адал полицей «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақтарды контент үшін құртқан азаматтарға кәдімгідей қатты ашуланды. Бұл үшін 11 млн теңге айыппұл немесе сұмдық қылмыстық іс қарастырылғанын естеріңізге сала кетейік.  

Қызғалдақ тереміз деп кездейсоқ сотталып кетіп жүрмеңіздер», – деп жазады https://t.me/egovpress.

0
0
345

Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың СҚО-дағы жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды.
undefined
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған.

undefined
Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

t.me/aqorda_resmi

0
0
388

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басып жатыр (видео)

Бүгін Алматыда жаңбыр шелектеп құйды. Соның салдарынан аяқжол мен көшелерге су жайылып жатыр.Қаланың коммуналдық инфрақұрылым басқармасындағылардың хабарлауынша, нөсер жауын жаууына байланысты түнде сусорғышпен, ілгекті бақанмен және тағы басқа құралдармен қамтылған 52 бригада ұйымдастырылған. Олар арықтардың кептелуін болдырмау, кей жерлерді су басып қалмауын қадағалау бағытында жұмыс істеуде.  Сондай-ақ коммуналшыларда құм толтырылған 2,3 мың қап бар екен. Түндегі жұмыстарға барлығы 236 арнайы техника, 28 сусорғыш және 215 жолшы тартылған.Ал күндізгі жұмыстарға 425 арнайы техника мен 802 жолшы шығарылады деп жоспарланыпты.Жалпы, бүгін ауа райы жауын-шашынды болады. Түнде таңертең тағы нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Оның үстіне секундына 15-20 метр жел тұрады. ten…

0
0
346

Қазір еліміздегі уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңнан астам адам бар

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпарат (16.04.2024 ж.)

Азаматтық қорғау қызметтері 113 693 адамды, оның ішінде 39 922 баланы құтқарды. 13 543 адам үйлеріне оралды.

Уақытша орналастыру пункттерінде 7014 адам бар.

107 613 мал қауіпсіз жерге айдалды.

9,7 млн м3 астам еріген қар суы сорылды, 2,4 млн астам қапшық пен 1,2 млн тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5708 жеке тұрғын үй, 1609 аула аумағы, 2035 саяжай үйлері су астында қалды.

0
0
442

Ежелгі қазақтар су тасқынынан қалай қорғанды?

Бұрынғы қазақ ауыл-қыстағын тасқыннан қалай қорғады?Бірден мойындау керек. Иә, Сарыарқа — қысы қатал, көктемі көкжиекке дейін тасқын астында қалатын, жаз шығып кеткенге дейін ыңғайсыздау мекен. Бірақ… Осындай көктемде бүкіл даланы тасқын шайып кететін жерде, қазақтар ғұмыр сүрді, қыстақтары дін аман тұрды. О қалай? Қар Арқаның бетіне бірдей түспейді. Қайбір тұстарда, атың батып кетердей қалың жауса, енді бір мекендерді пышақтың қырындай-ақ ұлпа жабады. Тиісінше, ол мүйісте қарғынсу баспайды, қызылсу шайып кетпейді. Бірақ қазақтар дәл сондай тұсты қалай тапқан? Бірінші өзімізге сұрақ қояйықшы: Біздерге ауыл түсетін мекен іздеу керек болса, неге назар аударамыз? Саялы жайларды, табиғаты әдемі мүйістерге көзіміз түседі. Әрі болашақ ауыл қонатын тұсты жаздың кезінде іздестіреміз ғой. Осы жерд…

0
0
589