Қазір еліміздегі уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңнан астам адам бар
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпарат (16.04.2024 ж.)
Азаматтық қорғау қызметтері 113 693 адамды, оның ішінде 39 922 баланы құтқарды. 13 543 адам үйлеріне оралды.
Уақытша орналастыру пункттерінде 7014 адам бар.
107 613 мал қауіпсіз жерге айдалды.
9,7 млн м3 астам еріген қар суы сорылды, 2,4 млн астам қапшық пен 1,2 млн тонна инертті материал төселді.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5708 жеке тұрғын үй, 1609 аула аумағы, 2035 саяжай үйлері су астында қалды.
