Мазмұнға өту
Обложка сообщества Оқи қалар оқиғалар

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басып жатыр (видео)

Бүгін Алматыда жаңбыр шелектеп құйды. Соның салдарынан аяқжол мен көшелерге су жайылып жатыр.

undefined 

Қаланың коммуналдық инфрақұрылым басқармасындағылардың хабарлауынша, нөсер жауын жаууына байланысты түнде сусорғышпен, ілгекті бақанмен және тағы басқа құралдармен қамтылған 52 бригада ұйымдастырылған. Олар арықтардың кептелуін болдырмау, кей жерлерді су басып қалмауын қадағалау бағытында жұмыс істеуде.  

Сондай-ақ коммуналшыларда құм толтырылған 2,3 мың қап бар екен. Түндегі жұмыстарға барлығы 236 арнайы техника, 28 сусорғыш және 215 жолшы тартылған.

Ал күндізгі жұмыстарға 425 арнайы техника мен 802 жолшы шығарылады деп жоспарланыпты.

Жалпы, бүгін ауа райы жауын-шашынды болады. Түнде таңертең тағы нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Оның үстіне секундына 15-20 метр жел тұрады.

tengrinews.kz   

0
0
287

Осы тақырып бойынша

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басып... - Yvision.kz