Мазмұнға өту

Жаңа

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін сабап жатқан видеосы тарады

Инстаграмдағы ne_habar_news парақшасында осындай видео тарады. Онда күйеуі әйелін боқтап тұрып сабап жатыр. Ал әйел жерге жатып алған. Оның жанында сырт киімімен сәби жатқан сияқты. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал сол балаға байланысты болса керек, әйтеуір, мынадай сөздер естіледі: - Өлтіре алмай жүрсің бе, шшшс?! Неге айтпайсың маған баланы алып бара жатырмын деп? - Енді айттым ғой мен саған.- Шешең а..с....н!- Неге боқтайсың?!Осыдан кейін ер адам тағы боқтап, ұрып тастайды. Ал әйел жан дауысы шығып, бүк түсіп жатады. - Тіліңді кесіп аламын, епт...!Содан бер жағында видеоға түсіріп тұрған әйел "Ержан (әлде Ердан), не үшін тебесің?" дегеннен кейін бейнежазба үзіледі.Ал бұл видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Біреулері "әйел тілінен тапты" десе, енді біреулері қ…

0
0
262

Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөз үшін өз алаңын ұсынуға әзір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды.Ереванда өткен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы Армения мен Әзербайжанның бейбіт келісім жасау жөніндегі қадамдарын жоғары бағалады. Осы орайда Қазақстан Президенті Ереван мен Баку арасында тезірек берік әрі ұзақмерзімді бейбітшілік орнағаны маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ келіссөздер үшін Қазақстан өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.Бейбітшілік пен келісімге нақты келіссөздер арқылы қол жеткізуді жақтайтын Қазақстанның бұл бағыттағы барлық іс-әрекетті қолдауға әзір екені айтылды. Тараптар Армения мен…

0
0
360

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Біз маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік"

Ереванда Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті. Қазақстан Президенті Арменияға алғашқы ресми сапарына ерекше мән беретінін атап өтті."Армения Қазақстан үшін маңызды, өте мағыналы серіктес болып табылады. Ежелгі өркениет бастау алған тарихы мен мәдениеті бай армян халқының жеріне ыстық ықыласпен, ерекше сезіммен келіп отырмын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің айтуынша, Премьер-министр Никол Пашинянмен жүргізген келіссөздер барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты әрі нәтижелі талқыланған."Қазақ-армян қатынастарын жан-жақты нығайтуға қатысты өзара ұмтылысымызды растадық. Бұл бүгінгі келіссөздердің – басты нәтижесі. Біз маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Қазақстан мен Арменияның көпжақты өзара ықпалдастығын одан әрі нығайту жоспарын нақтыладық.…

0
0
251

Тоқаев Ереванда Матенадаран көне қолжазбалар институтына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапары аясында Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонянмен бірге Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барды.Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі қолжазбалар қорының бірі саналатын мекеменің жұмысымен танысып, көне мәтіндерді қарады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы тұрған қыпшақ қолжазбалары көрсетілді. Соңғы жылдары армян ғалымдарының көмегімен Матенадаран қорынан Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты 40 көне еңбектің көшірмелері алынды. Биыл институт қыпшақ тіліндегі қолжазбалар жинағын шығаруды жоспарлап отыр. Матенадаран ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген әрі армян халқының ұлттық ескерткіштері сақталған маңызды мекемелердің бірі саналады. Инс…

0
0
257

Алматыда бұрынғы әйелін ұрып құлатқан жігіт ол жерде тек қол сермегенін айтты

Алматыдағы Life Town тұрғын үй кешенінде бұрынғы әйелі Салтанат Ақботаеваны ұрып құлатқан видеосы тараған Александр Ким бұрын құқық қорғау органында істеген екен. Қазір заңгер. Ол әлеуметтік желіге өзін ақтайтын бейнежазба салды.Александр сол 4 сәуірдің түнінде Салтанатты әдейі ұрмағанын, тек өзін ұстай алмай, қолын қатты сермеп жібергенін айтады. Оның бұлай ашулануына қызғаныш себеп болған.Сондай-ақ Александр мұндай ұрыс-керіс, бір-бірінің затын сындыру айырылысып кеткенге дейін де болғанын айтады. Ал сол ұрыс болған түні ол Алматыға сонау Тараздан келіпті.«Тараздан Алматыға Салтанатқа келе жаттым. Кезекті рет отбасымызды сақтауға тырыстық. Ол мені күтіп отырды. Маған «абайлап жүр» деді. Алайда Алматыға келген соң... Екеуміз кездестік, бәрі жақсы сияқты еді. Үйге кіріп жатқанда мен оның…

0
0
946

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Шағын форматта өткен кездесуден кейін Қазақстан мен Армения басшылары келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды.Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті ретінде Арменияға алғаш рет ресми сапармен келгенін атап өтті."Қазақ-армян әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге қатысты бастамаңызды толық қолдаймын. Біз армян халқының терең тарихына, ежелгі мәдениеті мен салт-дәстүріне зор құрметпен қараймыз", – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті өзінің Арменияға ресми сапары Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуына орай өтуінің символдық мәні бар екеніне назар аударды. Ширек ғасыр ішінде екіжақты қатынастардың берік негізі қаланды. Саяси д…

0
0
265

Тоқаев әйел мен балаға зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.Осылайша, әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын мынадай нормалар енгізілді:- денсау…

0
0
412

Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден берілетін болды

undefined

Фото: Shutterstock
Қазіргі уақытта қалада 44 соғыс ардагері тұрады.
Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерге біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.

@qazaqstantv

0
0
430

Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға барды

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
undefined
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

0
0
278