Мазмұнға өту

Жаңа

Дубайға әуе рейстері кейінге қалдырылып жатыр

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты.

undefined

«Біріккен Араб Әмірліктеріндегі нөсер жауынға байланысты әуе компаниялары Астана-Дубай бағыты бойынша рейстерді кейінге қалдыру немесе алып тастау туралы шешім қабылдап жатыр. Осыған қатысты толық ақпарат алу үшін әуе компанияларының өкілдеріне немесе әуе компанияларының байланыс орталықтарына хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

0
0
236

Елімізде киіктің көбеюін тежейтін шешімнің күші жойылатын болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қостанай облысына жұмыс сапары барысында киікті атуға қайтадан тыйым салынатынын айтты.Фото: ortcom.kz «Президент қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді», – деп жазды t.me/aqorda_resmi.Елімізде киіктерді атуға рұқсат беру туралы шешімді өткен жылы қазан айында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдаған еді. Бұған осы түз тағыларының саны шамадан тыс көбейіп кеткені себеп болды. Ал бұл жағдайдың ауыл шаруашылығына зиян екені айтылды.Ол кезде елдегі ақбөкен саны 2 млн 600 мың болған. Жоспар бойынша, осы көрсеткіш 20 пайызға азайтылуы керек-тұғын.Сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің еті 300 теңгеден ет комбинатта…

0
0
359

Атырауда үш айлық нәрестені өрттен құтқару сәтінің видеосы тарады

Атыраулық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарды.

undefined
Кеше кешке Атырау қаласында 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Төтеншеліктер өрт сатысы арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.

Қызыл жалын көп ұзамай толық сөндірілді. Оттың тұтану себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

0
0
333

Су тасқыны зардаптарын жоюға Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер тартылатын болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарынан кейін Қостанай облысына барды.Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздесті.Кездесуге өңірдегі машина жасау, тау-кен, тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі салаларының жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері және студенттер қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету басты міндет екенін атап өтті."Осы кездесуге біраз меценат қатысып отыр. Мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Бұл – сіздердің жүрек қалауларыңыз, азаматтық жауапкершіліктеріңіздің көрінісі. Мұның бәрін марапат үшін емес, шынайы ниетпен жаса…

0
0
346

Дубайды топан су басты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында қатты жауған жаңбыр тасқынға ұласты.
undefined
Ғимараттар мен үйлерден бөлек, халықаралық әуежайды да су басты.
Трассалар жабылып, әуежай уақытша жұмысын тоқтатты. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер онлайн режимге көшті. Сондай-ақ барлық футбол матчтарының уақыты да кейінге шегерілген.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері де БАӘ-де толассыз жауын-шашын болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілді.

@qazaqstantv

0
0
468

Елімізде апат аймақтарынан осы уақытқа дейін 114 мыңға жуық адам эвакуацияланған

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат (16.04.2024 ж.)
undefined

Азаматтық қорғау қызметтері 113 867 адамды, оның ішінде 39 943 баланы құтқарды. 112 539 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 15 125 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 6 704 адам, оның ішінде 3 052 бала бар.

9,7 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 2,4 млн. астам қапшық пен 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 570 тұрғын үй мен 2225 аула аумағынан су бұрылды.

Жедел желіге түскен 1 796 қоңырау пысықталды.

0
0
430

Ежелгі Олимпияда Париж Олимпиадасының алауы жағылды (видео)

Бүгін, 16 сәуір күні Ежелгі Олимпияда (Грекия) 2024 жылғы Париж (Франция) жазғы Олимпиадасының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті.Салтанатты рәсімге Грекия Республикасының президенті Катерина Сакелларопулу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах және өзге де ресми тұлғалар қатысты. Алау жағу рәсімі ежелгі Гера храмында өтті. Актриса Мэри Мину кейпіндегі бас діни қызметкер  Апполон мен Зевске арналған дұғаны оқып, алауды жақты. Осыдан соң діни қызметкерлер ежелгі стадионда рәсім жасады. Бұл рәсім Олимпиада алауының Грекиядағы 11 күндік эстафетасынан соң аяқталады. Грекия ҰОК хабарлауынша, алауды алғаш болып академиялық есуден Токио Олимпиадасының  чемпионы Стефанос Дускос алып жүреді. Содан соң, алауды жүзуден 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы…

0
0
327

Алматыда бұрынғы әйелін ұрып құлатқан заңгер қамауға алынды

Алматыда бұрынғы әйелі Салтанат Ақботаеваны қатты соққы беріп құлатқан тараздық заңгер Александар Кимді полиция ұстады.

undefined

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Александр Ким ұрып-соққаны және біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін сот шешімімен 25 тәулікке қамауға алынып, оған айыппұл салынған.

Естеріңізге салсақ, Александр Салтанатты әдейі ұрмағанын, тек өзін ұстай алмай, қолын қатты сермеп жібергенін айтып ақталған еді. Оның бұлай ашулануына қызғаныш себеп болған көрінеді.

Ал онымен 11 жыл некеде болып, 4 бала тапқан Салтанат бұрынғы күйеуін нағыз зорлықшыл деп отыр. Өйткені Александр оны бірге тұрған кезде де талай ұрып-соққан.

0
0
257

Бишімбаевтың анасы: «Мені ана ретінде түсінулеріңізді сұраймын»

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта оның анасы – Альмира Нұрлыбековаға алғаш рет сөз берілді. Ол әрі айыпталушы ұлының қоғамдық қорғаушысы екенін айта кетейік.

undefined

«Құрметті сот, құрметті алқа билер, мен қазір тыңдап қана отырмын. Әрине, мен заңгер емеспін. Сондықтан дұрыс сөйлеп тұрған жоқ шығармын. Бірақ өзіміз Мәскеуде жасатқан сараптаманы... сараптама емес, ұйғарымды қабылдамасаңыздар, ұлымның қорғануға, сол үшін өз дәлелін келтіруге қатысты конституциялық құқығы тапталады деп санаймын. Сондықтан, сот, сізден өтінемін, прокурорлар, алқа билер, жәбірленуші тарап, сіздерден өтінемін, мені ана ретінде түсініңіздер. Осыны шын жүрегіммен айтып тұрмын», – деді Альмира Нұрлыбекова.  

0
0
295