Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шынықсаң, шымыр боларсың

Бокстан Қазақстан құрамасы кубалық және өзбекстандық спортшылармен жаттығуда

Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

undefined

Жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамалары қатысуда. 

Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. 

Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар. 

Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды алып келген. 

Бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады. 

Olympic.kz

0
0
255

Осы тақырып бойынша

Бокстан Қазақстан құрамасы кубалық және өзбекстандық... - Yvision.kz