Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтті

Республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіровтың ескерткішінен бастау алды.

undefined

Еліміз бойынша жүріп жатқан көктемгі экологиялық бастамаға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері қазақ поэзиясында өз орны бар ақынның өлеңін оқумен кірісті. Алдымен қаламгердің көпшілікке белгілі жырын оқыған білімгерлер игілікті шараны ескерткіш тұрған аумақты тазалаумен жалғастырды.

undefined

Ақын ескерткіші тұрған сквер бекер таңдалмапты. Себебі, Жетісу жерін жырға қосып, тұмса табиғатты сөзбен суреттеген ақын, драматург, прозашы, фельетоншы, сатирик, журналист және аудармашы Жансүгіровтің биыл туғанына 130 жыл толып отыр. Бұл туралы «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – жастар ісі жөніндегі проректор Болат Сериев:

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әрбір өңіріндегі тұмса табиғатты көздің қарашығындай сақтау керектігін ұдайы айтып келеді. Соған орай бағдарламалық құжаттар дайындап, жүйелі жұмыс жүргізу керектігін тапсырды. Сол арқылы өскелең ұрпақтың бойындағы отаншылдық рухты оятып, патриоттық сезімін ұштау керектігін жеткізді», – деді.

Мемлекет басшысы жүктеген міндет қалалар мен ауылдарды, аулалар мен бақшаларды, көшелер мен кіре берістерді өзіміз тазартуымыз керектігін ұғындырады. Сондықтан Жетісу жұртшылығы табиғаттың тазалығын алдыңғы орында ұстайды.

«Таза Қазақстан» акциясына орай Талдықорғандағы Жеңіс саябағы аумағында да сенбілік шарасы өтті. Оған антиядролық қозғалыс белсенділері, мүгедектер мен «Семей полигоны» ҚБ және «Жетісу өңірінің Чернобыль апатынан зардап шеккендер одағы» ҚБ ардагерлері қатысты.

undefined

Дәл осы жерден бір жыл бұрын барлық Семей мен Чернобыль құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш орнатылған еді.

Облыстық ардагерлер және мүгедектер қоғамының жетекшісі Мұстафа Құсайынов Жетісу облысында Семей мен Чернобыль апатының зардабын шеккен азаматтар көп екеніне тоқталды.

 «Өткен жылы 15 қыркүйекте облыстық әкімдіктің қолдауымен ескерткіш ашылды. Облыста «Семей», «Чернобль» апатының зардабын шеккен азаматтар көп. Бүгінгі қайырымды іске ардагерлер де өз үлесін қосып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиенің негізін көрсетуде. Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» атауымен өтіп жатқан тазалық акциясының маңызы өте зор. Біз өз тарапымыздан әрбір ескерткіш киелі мекен санатына жатады. Сол себепті де Семей, Чернобль ардагерлері акцияға белсене атсалысып, тазалық жұмыстарын атқарудамыз. Дәл осындай шара облыстың барлық ауданында өтіп жатыр және оған аудандық ардагерлер де атсалысуда», – деді Мұстафа Құсайынов. 

undefined

Ардагерлер бұл жұмысқа жүйелі түрде қатысатындарын, экологиялық тазалықпен қашан да бірге екендіктерін жеткізді.

0
0
286

Осы тақырып бойынша

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында... - Yvision.kz