Мазмұнға өту
Қызылорда облысы
7 жазбалар3 тіркелуші

Қызылорда облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан аймақ. 1938 жылы құрылған.

Қызылорда облысында 40 мвт күн электр станциясы іске қосылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінде қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясын іске қосу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазыбек Иса, «ҚазАтомӨнеркәсіп» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, «Хуадиянь Қазақстан Энерджи» компаниясы бас директорының орынбасары Лю Тченг, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

0
0
127

Қызылордада инклюзивті спорт орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаеваның қатысуымен Инклюзивті спорт орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

0
0
108

Өңірде соңғы үш жылда 21 заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Спорт саласын серпінді дамытуда спорт инфрақұрылымын жетілдіру айрықша маңызға ие. Себебі заманауи әрі қолжетімді спорт нысандары кәсіби және бұқаралық спорттың қарқынды дамуына жол ашады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында барлық облыстар мен елдімекендере спорт инфрақұрылымын, соның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу мәселесіне ерекше тоқталған болатын.Осыған сәйкес, облыста соңғы үш жылда «Ауыл = ел бесігі» бағдарламасы аясында 21 заманауи спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді.

«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған экологиялық ашық сабақ өтті

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Біз бірге – тазалық пен өркендеу үшін!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, су ресурстарын тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту болды.

0
0
136

Қызылордада белгісіз біреулер үш оқушының аяқтарын кескілеп кеткен

Оқиға бүгін түнде №263 мектептің жанында болыпты.

undefined

Көрнекі фото: nur.kz

Қызылордада түн жарымда білгісіз біреулер 9-сынып оқушыларының аяқтарын кескілеп кетті. Негізі төрт адам зардап шеккен. Олардың біреуі 18 жаста екен.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткеннен кейін оларды үйлеріне жіберген.

Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша іс тергеліп жатыр.

0
0
375

Қызылордада екі бала үшінші қабаттың балконынан құлап кетті

Қызылордада алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті.

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, олар сол сәтте ересектердің қарауынсыз қалған.

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғаның басқа мән-жайы айтылмайды.

ТЖМ мына жайттарды еске салып отыр:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

0
0
489

Қызылордада УЕФА талаптарына сай келетін жаңа стадионның іргетасы қаланды

Халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа стадион Қызылорда қаласының сол жағалауына салынбақ. Оның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты."Мереке күні өздеріңізбен бірге халықаралық талаптарға сай келетін, 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасын қалаймыз. Тәуелсіздік жылдарында елімізде заманауи екі стадион, яғни «Астана арена» мен «Түркістан арена» ғана салынған. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның салынғанына 60 жылға жуықтады. Стадион УЕФА талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан, біздің сүйікті командамыз «Қайсардың» жанкүйерлерінің ұсынысымен жаңа стадион салуға шешім қабылдадық", деді Нәлібаев.BEK Sport телеграм-арнасының хабарлауынша, жаңа нысанның құрылысына 21 млрд теңге бөлінген. "Ал, Сыр елі, құтты болсын! Құрылыс тоқтап қалмай, тез…

0
0
383
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз