Мазмұнға өту

Жаңа

Әйелін ұрып-соқты деп айыпталған дипломат қызметінен босатылды

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың қазіргі жағдайынан хабардар етті. Оның әйелі Карина күйеуінен жиі таяқ жейтінін айтып шағымданған еді.

undefined

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров дипломаттың сол әңгіме шыққанан кейін шұғыл түрде Қазақстанға шақырып алынғанын, министрлік бұл істі ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«Мамаш Қазақстанға 6 мамырда ұшып шықты. 9 мамырда, шекараны кесіп өткеннен кейін ол заңға сәйкес қызметінен босатылды», – деді Смадияров.

Бұған дейін Сәкен Мамаштың әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз.

t.me/CentralMediaNews

0
0
374

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот үкімі шықты

Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты. Бишімбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Аса қатыгездікпен адам өлтіру) мен 110-бабы (Азаптау) бойынша 24 жылға, Байжанов 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Байжанова изначально обвиняли по статьям 432 "Укрывательство" и 434 "Недонесение о преступлении" УК РК. Позже прокуроры отказались от одной статьи обвинения. В действии осталось лишь заранее необещанное укрывательство особо тяжкого преступления.Еске сала кетсек, өткен жылы 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын…

0
0
551

Елордада мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам субъект бақылаусыз жұмыс істеген

Астана қаласының прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді.Сурет: мұрағатТексеру нәтижелері көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше тасымалдамауын, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамауын, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы бұзушылықтарды анықтады.Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъект жұмыс істейді.Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.Прокурорлық қадағалау актілері бойынш…

0
0
384

Тоқаев Балаеваға бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.Аида Балаева:Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндады;ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қо…

0
0
324

Повлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралады

Павлодардағы мектепте оқушы сыныптасы мен әйел мұғалімді пышақпен жаралаған.
undefined
Күдікті ұсталыпты. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров хабарлады.

Тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне байланысты деп, әзірге мән-жайды ашып айтпай отыр.

Десе де, баланың аузында сөз тұра ма?

"Бізге сол мектептің оқушысы видео жолдады. Оның айтуынша, екі бала ерегісіп қалған. Сосын оларды әйел мұғалім ажыратқысы келеді. Сөйтіп, ұстаз да жараланған", - деп жазады t.me/qumash_kz.

0
0
453

Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді 

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов елімізде қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау үшін вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Фото: sjdhospitalbarcelona.orgҰлттық егу күнтізбесі шеңберінде уақытында екпе салынбай қалған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға Үкімет резервінен 5 832 377 600 (бес миллиард сегіз жүз отыз екі миллион үш жүз жетпіс жеті мың алты жүз) теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдау нәтижесінде Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала анықталды. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирусты гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы т…

0
0
293

20 жылдан аса іздеуде жүрген ресейлік Астанадағы үйдің шатырынан табылды (видео)

Елордалық полиция 20 жыл іздеуде жүрген азаматты құрықтады.
undefined
Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресейдің 53 жастағы азаматын ұстады.
Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.
Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қаралуда.

t.me/POLICE_of_KZ

0
0
404

Жұмыссыздар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру ісіне тартылмақ

Елімізде жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру бойынша жұмысқа орналаса алады.Фото: gov.kzЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру бойынша жобасына бастама жасады. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады.ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет б…

0
0
268

Ауғанстанда топан су басу салдарынан 300-ден аса адам қаза тапты

Ауғанстанда су тасқынынан 315 адам қаза тапты.
undefined
Фото: 112.ua

1600-ден аса адам жараланған. Бұл туралы Бағлан провинциясының әкімшілігі хабарлады.
Мыңдаған үй қирап, мыңдаған малды су алып кеткен. Жергілікті тұрғындар азық-түліксіз, баспанасыз қалғандарына айтып, шағымданып жатыр.
ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, қаза тапқандардың 51-і - балалар.

0
0
391