Ұсталған күдікті телефонын аяқпен таптап сындырмақ болды
Петропавлда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталған кезінде телефонын аяғымен таптауға тырысты.СҚО полицейлері бірқатар интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Көліктен шыққан сәтте күдікті өзінің иығындағы шағын сөмкесі жерге түсіп кеткенін көріп, ішіндегі телефонын аяқтарымен басып сындырмақ болды.Сәуір айында Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінді. Өткен жылдың қараша айында оның жанына бейтаныс ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан сияқты кейіп танытып, түрлі сипаттағы сұрақтар қоя бастаған. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, тергеу барысында қажет дегенді сылтау етіп, оның телефонына келіп түскен sms хабарламадағы құпия кодты айтуға көндірген. Кейін анықталғандай, ер адамн…



