Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтөбеде жоғалған баланы іздеуге тікұшақ тартылды

13 жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы көкке көтерілді.

Бүгін ТЖМ құтқарушылары жоғалған жеткіншекті әуеден іздей бастады. 

"Ақтөбе облысы ТЖД гарнизонынан құтқарушылар мен Кинологиялық қызмет төртінші тәулікте жер үсті жұмыстарын жүргізуде. Олар баланың болуы мүмкін барлық жерлерін мұқият тексеруді жалғастырады. Сонымен қатар, сүңгуірлер Ақтөбе қаласының аумағындағы су нысандарын тексереді", - деп жазады t.me/qr_tjm.

Аутизммен ауыратын баланың бүгін төртінші күн іздестіріліп жатқанын бұрынырақ хабарладық. Кәрім Жетіру 4 маусымда үйден шығып кетіп, содан оралмаған.

0
0
1853

Елде табиғат апаты кезінде жалпы 11 998 тұрғын үй мен 5 359 саяжай құрылымын су басқан

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады.Қанат Бозымбаев:Үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді:      – бүгінде 64 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған;      – эвакуациялық пункттерде тұрғындарға қажетті көмек көрсетілуде;      – табиғат апаты кезінде жалпы 11998 тұрғын үйді, 5359 саяжай құрылысын су басқан;зардап шеккен өңірлерде 16715 үй тексеруден өткенін айтты. Оның ішінде 15464 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған. Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Жарамсыз үйлердің орнына нарықтан 45…

0
0
988

Алматыда алапат өрт болды

Бүгін Алматыда қойма отқа оранды.

undefined

Жетісу ауданындағы алапат өртті сөндіруге ТЖМ күштері тартылды.

"Шақырылған сәттен бастап 26 минут ішінде өрт жойылды. Жану ауданы - 230 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда", - деп жазды t.me/qr_tjm.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынның мотор майлары бар іргелес қоймаға және түрлі құнды тауарлар сақталаты басқа да қоймаларға таралуына жол бермеді.

undefined

undefined

0
0
522

Абай облысында жылу көздері мен жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қыстың қамын жаз ойла.2024 жылы Абай облысында 11 жылу көзін және 37,9 шақырым жылу желілерін салу, қайта жаңғырту және ағымдағы жөндеу бойынша 28 жоба іске асырылып жатыр.  Оның ішінде Семей қаласы бойынша 19 жоба, Бородулиха ауданының Новая-Щульба кентінде екі блокты-модульді қазандық және 1,1 шақырым жылу желілерін салу, Аягөз ауданында 4,2 шақырым жылу желілерін ағымдағы жөндеу, Жарма ауданының Шуақ кентіндегі  қазандықты жөндеу, Курчатов қаласында төрт жылу көзін және 2,2 шақырым жылу желілерін ағымдағы жөндеу, сондай-ақ Абай ауданы Қарауыл ауылындағы қазандық пен 500 метр жылу желілерін жөндеу бар. Бұл туралы облыстың әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков атап өтті. Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл…

0
0
1127

Құрбан айт 16 маусымда басталатын болды

Бүгін һижра жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Сондықтан биыл арапа 15 маусымға, Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға сәйкес келеді. Сурет: muftyat.kz"Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді", - делінген Қазақстан мұсы…

0
0
757

Су тасқынынан баспанасы қирағандарға үй салу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Премьер-министрОлжас Бектенов СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу жұмыстарын тексерді.Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының алғашқы нәтижелерімен танысты. Жаңа үйлер салу және беру процесі тексеріліп, тұрғындардың және механикаландырылған бригадалардың қатысуымен жөнделген үйлер қаралды.Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы Бірлік ықшам ауданында жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жоюда түсіністік танытып, көмектескені үшін тұрғындарға алғысын білдірді. Құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын үйдің сапасы, сондай-ақ су тасқынынан ке…

0
0
500

Ақтөбеде жоғалған аутист бала әлі табылған жоқ (видео)

Бүгін оны төртінші күн іздеп жатыр.  

undefined
Ақтөбеде полиция, еріктілер және жанашыр азаматтар 13 жасар Кәрім Жетіруды 4 маусымнан бері жабылып іздеп жатыр.

Іздеу жұмыстарына 500 адам, иісшіл итттер, 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 ат және дрондар тартылған.    

Үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, шұңқырлар тексеріліп, дала мен орман қаралды. Қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары да тексерілуде.

Айта кетейік, Кәрімнің іздестіріліп жатқанын бұрын да хабарлағанбыз.

https://t.me/diapazonnews

0
0
555

"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті сотталды

Алматыдағы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер хабарлады.
undefined

Фото: azattyq.org

Серік Жұбандықов Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» жасанды бекінісін талан-таражға салып, сатқан.
"Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазады ANTIKOR.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

0
0
963

Биыл студенттерге арналған 10 500-ден аса жатақхана орны пайдалануға берілмек

undefined

Фото: gov.kz

Үкіметте еліміздегі колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі қаралды.

"Биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған. Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуы тиіс", - деп жазады UKIMET.

0
0
474