Астанадағы атышулы ЛРТ-да өрт болды
Елордада ақшасы желініп, ақыр аяғы жыр болған ЖРК-нің (ЛРТ) құрылыс алаңында от тұтанды.
Аса қатты өрт болмаған. 80 шаршы метрді алып жатқан кенеп мата жаныпты.
"Өртті ТЖМ күштері шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде оқшаулады", - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм-арнасы.
