Мазмұнға өту

Жаңа

Талмасы ұстап қалған баланы тәртіп сақшысы құтқарды

Оқиға Абай облысында болған.Бала көшенің ортасында талмасы ұстап, қиналып жатады. Өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы көмектесе алмағандықтан, жедел жәрдем шақырады. Дәл осы кезде тәртіп сақшысы Дастан Толахметов шақыртуға кетіп бара жатты. Полиция қызметкері есінен танып қалған баланы байқап, қасына жүгіріп жетеді. Бала арқасымен жатқандықтан тілі тыныс алу жолдарын жауып, дем алуы қиындаған еді. Ең алдымен полицей баланы аударып, қалыпты тыныс алуы үшін аузын ашады."Жедел жәрдем келіп жеткенше баланы қолымнан босатпай, басын ұстап отырдым. Медицина қызметкерлері келген соң баланы оларға тапсырып, арқамнан ауыр жүк түскендей болды", — дейді Дастан.Полиция қызметкері эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы жасөспірімге уақтылы және шешуші көмек көрсете білді.Қазір баланың өмірі мен денсаулығын…

0
0
310

ШҚО-да бірнеше бала суға батып кете жаздады

Оқиға кеше болған.

ШҚО Самар ауданының Құлынжон ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасында шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған 4 бала суға батып кете жаздады.

Көмекке келген ТЖМ құтқарушылары Нұржан Жолжақсынов, Әсет Тұрсынов, Саян Ерназ және куәгерлердің бірі 2008, 2012, 2011 және 2010 жылы туған балаларды судан құтқарды.

Нұржан Жолжақсынов құтқару шеңберінің көмегімен 2011 жылы туған баланы судан шығарып алды. Оның әріптестері Әсет Тұрсын, Саян Ерназ қайықпен басқа балаларға жағаға жетуге көмектесті.

Осы сәтте куәгер Асылан Нұрекенов құтқарушыларға көмектесіп, балаларға дейін жүзіп, оларға құтқару шеңберін лақтырды.

ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
417

Мусин: "Менің компаниям болса, мәселені бір күнде шешіп берер едім"

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі кезінде "Қазақтелекомға" қатысты осылай депті. Бүгін ол соның компаниясы болды ғой. Көрейік енді қалай болатынын...

0
0
637

Түркия Қазақстаннан мал және құс өнімдерін тасымалдауға қойылған шектеуді алып тастады

2024 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстандық өнімді Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеулер алынып тасталды. 2005 жылдан бері құс тұмауы бойынша, 2016 және 2022 жылдардан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер қолданылып келген болатын.Фотоколлаж: gov.kz2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер министрлерінің Таразда өткен кездесуінде кедергілер мәселесін көтерген болатын."Қазақстан Түркия, Түрікменстан және Мажарстан нарығына жоғары сапалы ет өнімдерін жеткізуге дайын екенін білдіреді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Түркия нарығы ветеринарлық қызметтер желісі бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін іс жүзінде жабық. Биылғы жылдан бастап ҚХР мен РФ тарапынан Қазақстанғ…

0
0
306

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болып ресми түрде тағайындалды

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Бағдат Мусин тағайындалды.Фото: tengrinews.kzБұл тағайындау жөнінде әлеуметтік желіде хабарланғанын бұрынырақ жазғанбыз. Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұзда дүниеге келген. 2004 жылы Сүлейман Демирел университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –«Заңгер».2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» респуб…

0
0
323

Астанада Құрбан айт күні қоғамдық көліктер тегін болады

16 маусым – Құрбан айт мерекесі күні елордадағы қоғамдық көліктермен жолаушылар ақы төлемей-ақ жүре алады.

undefined

Астана әкімдігінің шешімімен алдағы Құрбан айт мерекесінде қаланың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағыттары) жол жүру тегін болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қоғамдық көліктердің жұмысы сағат 06:00 басталады.
Түнгі № 201, 202, 203 тағыттарында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Жолаушылар олардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады.

0
0
440

Тоқаев Тасмағамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады.Кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында…

0
0
283

Алматыда жол салу кезіндегі былықтар анықталды

Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізді.Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды.Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) қадағалау актісі енгізілді, оны орындау үшін Басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстар…

0
0
278

Өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі

Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.Кездесуде Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың бол…

0
0
362