Мазмұнға өту
Қарағанды облысы
11 жазбалар3 тіркелуші

Қарағанды облысы – Қазақстанның орталығында орналасқан аймақ. 1932 жылы құрылған.

«Талдау мектебі. Қарағанды» жобасы өз мәресіне жетті

Жобаға біздің ішкі саясат басқармасынан бес жас мемлекеттік қызметші қатысты:

* Жұлдыз Сагимбаева – басқарма басшысының орынбасары

* Мөлдір Жамиева және Нұрлан Аймагамбетов – бөлім басшылары

* Даниял Сламханов және Ақерке Исатаева – басқарма мамандары

0
0
2146

Қарағандылық самбошылар әлем чемпионатында бір алтын мен үш қола жүлде жеңіп алды

Бішкекте ересектер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті. Биылғы байрақты бәсекеде әлемнің 70 елінен 650-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Қарағанды облысының бес спортшысы ел намысын абыроймен қорғап, бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

0
0
1935

Қарағанды облысында жасанды интеллект түрлі салада қолданылуда

Қарағанды облысында жасанды интеллект технологиялары жолдардағы ақауларды анықтауға, көлік кептелісін азайтуға және қызмет көрсету саласында тиімділікті арттыруға көмектесуде. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

0
0
1312

Қарағанды облысының ауылдарында 92 медициналық нысан салынды

Қарағанды облысында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ауылдық елді мекендерде 92 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, олардың 51-і арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынған.

0
0
822

Ұлытау облысында заманауи оқушылар сарайының қазығы қағылды

Жоба - Болат Өтемұратов қорының қолдауымен Жезқазған қаласында бастау алды. Ғимараттың жалпы аумағы 2600 шаршы метр болады, нысан - 250 балаға шақталған. Оқушылар сарайының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне қатысқан Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қор басшылығына алғысын жеткізді.

0
0
1534

«БЖЗҚ» Ашық есік күні: зейнетақы төлемдеріне салық өзгерістерін түсіндіреміз, цифрлық қызметтерімізді таныстырамыз.

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.  

0
0
987

eGov mobile мен GOV.KZ платформасында азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге арналған жаңа қызметтер іске қосылды.

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдық ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету маршрутизаторы іске асырылды.

0
0
582

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады

2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.  Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда,  барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.   

0
0
399

Балқаш ыстық күнде сусыз қалды

Бұған қаланы сумен қамтып отырған басты сорғы станциясындағы апат себеп.

Балқаштың басты сорғы станциясында май айырғыш күйіп кетіп, трансформатор мен терең ұңғымадағы құрал істен шыққан. Осының салдарынан қалаға, Балқаш станциясы мен Қоңырат ықшамдауданына су беру уақытша тоқтатылды.

Апат зардаптарын жою жұмыстарына 16 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Қала әкімі Сапар Сатаев әлеуметтік желіде жағдайды жеке өзі бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Қазір басты резервуарға су толтырылып жатыр.  

«Ауыз су беруді 14:00-ге, апат зардаптарын жою жұмыстарын аяқтауды 21:00-ге жоспарлап отырмыз», – деді әкім.

Сондай-ақ ол ауыз судың әзірге көлікпен тасылатынын, оны кей тұрғындарға жоғары қабаттарға жеткізіп беруге еріктілер көмектесетінін айтты.  

0
0
536

Қарағанды облысында "қара риелторлар" ісі бойынша 28 адам ұсталды (видео)

Мамыр айында Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы “қара риелторлар” деп аталатын топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Топ құрамына заңгерлер, адвокаттар және нотариус кірген. Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Осылайша олар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шыққан. "13 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Қылмыстық топ…

0
0
414