Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

АҚШ-та жүздеген адам Ақ үйді «қызыл сызықпен» қоршап алды

Олар Газадағы соғысты тоқтатуды талап етуде.

Палестинаны жақтайтын жүздеген наразы адам Ақ үй мен оған жапсарлас орналасқан қаржы министрлігінің ғимаратын «қызыл сызықпен» қоршап тұрды. Осы арқылы олар Израильдің Газа секторындағы әскери операциясын тоқтатуын талап етті.

Тағы бірнеше мың адам АҚШ президентінің ресми резиденциясына қарама-қарсы орналасқан Лафайет гүлзарындағы митингке қатысты. Ал бұл кезде Джо Байден Францияда ресми сапармен жүр.

Наразы халық Израиль Газа секторындағы Рафах қаласына басып кіру арқылы қызыл сызықтан аттап өтті деп есептейді.

0
0
1095

Осы тақырып бойынша