Yvision.kzYvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
8
00:42, 27 января 2013

Жексенбілік дастархан: тез пісірілетін пицца. Пицца рецепт қазақша

Blog post image

Бүгін «Аспаздық» айдарында оқырмандарымызбен пицца дайындау әдісімен бөліскелі отырмыз. Бұл пиццаның дайындалу әдісі оңай, әрі тез. Сондай-ақ қашанда тоңазытқыштан табылатын ингредиенттерден тұрады.

Blog post image



Пиццаның қамырын дайындау үшін:

— 2 стақан ұн
— 0,5 стақан сүт
— 2 жұмыртқа
— 0,5 шәй қасық тұз
— 3 үлкен қасық сұйық май

Ал, ішіне өзіңіздің талғамыңызға қарай ірімшік, бұрыш, майонез, кетчуп, қызанақ сынды т.б. нәрселер салсаңыз болады.
Пиццаның қамырын дайындау үшін алдымен:

Blog post image

Ұн мен тұзды бөлек табада араластырып аламыз.

Blog post image

Жұмыртқа, сүт пен сұйық майды екінші табада араластырып аламыз.

Blog post image

Сөйтіп ұн мен тұз араласқан табаға дайын сұйықтықты сұямыз.

Blog post image

Қамырды илеп, 30 минутқа үстін сүлгімен жауып қойып қоямыз.

Blog post image

30 минуттан кейін қамырды екіге бөліп, оқтаумен илей отырып пиццаның пішініне келтіреміз.

Blog post image

Үстіне майонез бен кетчупты жағамыз.

Blog post image

Қызанақты саламыз.

Blog post image

Сырды үгітіп салып, үстіне қара бұрыш себеміз де ыстық пешке 25 минутқа салып қоямыз.

Blog post image

Пицца дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Пицца дайындаған: Айнұр Ракишева

Blog post image



Денсаулыққа пайдалы салаттар
Үй торты
Тұмауға қарсы шырын
Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш
«Құмырсқа илеуі» торты
Қызыл шие бәліші
Sushi step by step
Банан балмұздағы
Шоколад құймақтары
Банан мен шоколад коктейлі
Бесбармақ
Мерекелік салат

8